Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


2835 просмотров

Приключение на продажу

В современном мире, с его скоростью, загруженностью людям не хватает настоящих приключений. Над этой проблемой уже давно задумались маркетологи всего мира. И результатом стал абсолютно новый продукт – сертификат на приключения. <br />

В современном мире, с его скоростью, загруженностью людям не хватает настоящих приключений. Над этой проблемой уже давно задумались маркетологи всего мира. И результатом стал абсолютно новый продукт – сертификат на приключения.

Суть бизнеса заключается в том, что человек может приобрести специальный сертификат на какое-то событие, например, на поход в замок графа Дракулы в Трансильвании, на бильярдный матч с чемпионом мира, на ужин с Камерон Диаз, на дайвинг в водах, переполненных белыми акулами, или просто встретиться на льду с Марией Бутырской, получив от нее настоящий мастер-класс.

Варианты приключений крайне разнообразны, как и их ценовой диапазон. Он начинается от $50 и заканчивается несколькими десятками тысяч долларов. Собственно, сами агентства, продающие приключения, работают по следующей схеме: создается интернет-магазин (иногда еще и обычный), в котором продаются специальные сертификаты. После покупки сертификата обладатель должен активировать его в течение заранее оговоренного промежутка времени. В момент активации он связывается с оператором агентства и договаривается о дате проведения «приключения».

Тут надо отметить, что агентство заранее договаривается с теми компаниями (или людьми), которые в состоянии организовать данное приключение. Естественно, что они и получают большую часть денег от стоимости приключения. Агентство же довольствуется лишь небольшим процентом. Но, учитывая, что и затраты у них не самые большие, можно с уверенностью сказать, что данный вид бизнеса является достаточно прибыльным. Недаром в последнее время открывается все больше и больше подобных агентств. Так, в мире наиболее известными являются Red Letter Days и Signature Days. В России агентств тоже уже немало, к примеру: evoi.ru, Present-Show.ru, presentstar.ru.

По статистике, опубликованной в журнале «CEO», 70% получателей подарочных сертификатов – женщины. В этом нет ничего удивительного, так как романтических приключений предлагается немало любым агентством. Но на них они, к счастью, не зацик-ливаются. Мужчины тоже могут найти что-то для себя, например, прогулку на танке, или полет на самолете МИГ-29. Или можно поиграть в бильярд с чемпионом мира по этому виду спорта, пострелять из настоящего пистолета, арбалета, лука. Наконец, для мужчин предлагаются настоящие уроки восточных боевых искусств с мастерами из Азии. Тем более, что сами боевые искусства, предлагаемые компаниями, достаточно нестандартны.

Однако, если говорить о приключениях для мужчин, то уклон делается в несколько иную область – военная техника. Так, сегодня уже можно прокатиться на настоящем танке (около $2 тыс.), пострелять из гранатомета, пулемета, полетать на самолете МИГ-29 (это стоит уже порядка $13 тыс.).

267 просмотров

Түйеқұстан пайда бар ма?

Маңғыстауда түйеқұс фермасын ашып, одан табыс табудың жолы қандай?

Фото: Shutterstock.com

Осыдан үш жыл бұрын түйеқұс өсіруді қолға алған маңғыстаулық кәсіпкер уақыт өте келе фермасының қаладағы ең белгілі туризм нысанына айналып, ал отбасының шағын кәсібі облыс халқының 5 пайызын ет және жұмыртқамен қамтамасыз ететін деңгейге жетеді деп тіптен ойламаған. 

Отбасылық кәсіп

Торонто университетін «Бизнес және логистика» мамандығы бойынша бітірген соң, Есен Боранбай бауырымен бірге туған Ақтауына қайтып оралады. Канадада алған білімі дәл осы жерде кәдеге асады. Дәл сол кезде әкесі 22 гектар жер сатып алып, құс өсірумен айналысуды жоспарлап жүрген. Фермаға алдымен бөденелер алынған. Содан кейін Ресейден ересек түйеқұстар әкелінді.

«Ғаламтордан түйеқұс туралы оқып, оларға біз жақтың ауа-райы жағатынын, тез жерсініп кететінін түсіндік. Ең басты мәселе – көктайғақ болды, өйткені түйеқұстар мұзда жүре алмайды. Оларды алып келгеннен соң, отбасылық ферманы «Экзотикалық құстар ғаламшары» деп атап, одан туристік нысан жасауға бел будық», – дейді Есен Боранбай. 

Қазір фермада 24 африкалық және 2 австралиялық түйеқұс бар. Бұндай құстарды өсіру – енді-енді қолға алынған бағыт. Сондықтан қазақстандық фермерлердің бұл құстарды өсіру, күтіп-баптауда тәжірибесі аз.
 
«Осы салада мамандар жоқ, біз әрбір қатеміз бен қадамымыздан сабақ алдық, балапандары өліп те  жатты, ең қиыны  түйеқұс балапанын 1 жылға дейін бағып-қағу екен. Біз оларды күтіп-баптауды  үйрендік. Қазір оларды басқа аймақтарға жіберіп отырамыз», – дейді кәсіпкер. 

Түйеқұс жұмыртқасына сұраныс болғанымен, кәсіпкерлер оны сатудан әзірге бас тартып отыр. Алдымен фермасындағы түйеқұс санын арттырып, содан кейін нарық пен түйеқұс жұмыртқасына  деген сұранысты толық зерттеу қажет деп пайымдайды кәсіпкер. 

Айта кетейік, түйеқұс – әлемдегі ең ірі құс. Оның жұмыртқасының салмағы 1,5 келіге дейін жетуі мүмкін. Әрине, ферма иелерінің өз мейрамханасында түйеқұстың бір жұмыртқасымен бірден 20 адамды тойдыру жоспары бар, алайды бұл – болашақтың ісі. Әзірге үй құстарының жұмыртқасы сатылымға шығарылып жатыр. 

Мұнда түйеқұстан бөлек, мысыр тауығы, бөдене, күркетауық, үй тауығы, қаз және үйрек өсіріледі. Жалпы, түйеқұстар да оларды көруге келетін туристердің арқасында кіріс кіргізіп тұрады.
 
«Түйеқұстан түсетін пайда ет пен жұмыртқа сатудан кіретін кіріспен салыстырғанда, ауыз толтырып айтарлықтай емес. Ересек түйеқұсқа күтім жасау  құны күніне 150-200 теңгеге шығады. Ал балапандарына  шығын көп шығады, өйткені олардың жем-шөбі, қосатын қоспалары қымбат. Бірақ бұл шығынды экскурсия толығымен өтейді», – дейді Есен Боранбай.

Бос жатқан жер жоқ

Ферма аумағында құрама жем шығаратын шағын зауыт та жұмыс істейді.
 
«Шикізатты Қазақстанның әр аймағынан аламыз, осында қайта өңдеп, дайын жемді Маңғыстау облысының бөлшек сауда дүкендерінде сатамыз, бұл делдалдан алғаннан арзанға түседі. Шыны керек, осы іспен жемнің өзіндік құнын төмендету үшін айналыса бастадық. Соның нәтижесінде жемнің құны шамамен 20 пайызға арзандады»,– дейді Есен Боранбай.
Кәсіпкердің айтуынша, ферманың өзі былтырдан бері ғана пайда әкеле бастаған.
 
Биыл ірі қара мен ұсақ мал әкелініп, қазір фермада 60 сиыр, 200 қой және 20 жылқы бар. Бірақ фермерлер әзірге тек құс еті мен жұмыртқасын сатып жатыр. Биыл 45 тонна ет сатса, былтыр одан екі есе аз болған. 

«Жұмыртқа туралы айтар болсақ, күнделікті мыңнан аса жұмыртқа аламыз, жылына 400 мыңға жуықтайды. Бөдене жұмыртқасын супермаркеттерге жіберсек, тауықтікін базарға апарамыз, фермадан да сатамыз. Етті де дүкенге өткіземіз немесе тапсырыс бойынша үйге жеткізіп береміз, бұл қызмет жергілікті тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие», – деп атап өтті кәсіпкер. 

Қимылдаған қыр асар

Ферманы ашқан кезде, ол жаққа газ жүргізілмеген еді. Жергілікті билік кәсіпкерлерге осы мәселені шешуге көмектесеміз деп уәде беріпті. Фермерлер жерлеріне алдағы уақытта газ жүргізіледі деген үмітпен, 4 жылыжай салған. Арзан отынды күте-күте шыдамдары таусылған соң, оның екеуін құрама жем шығаратын зауыт пен тауықтардың қыстық қорасына айналдырады. 

«Мәселе мынада, фермада инкубатор, тоңазытқыш, жылытқыштар  көп, сондықтан электр қуатын емес, газ пайдалану арзанға түсер еді.  Былтырдан бастап біз қымбат электр энергиясынан бас тартып, электр энергиясын біршама арзанға беретін компанияға ауыстық, десе де  жаз айларында 700 кВт-қа дейін жағып тастаймыз,  яғни тек электр қуатының өзіне 120 мың теңге төлейміз», – дейді Есен Боранбай.

Газдың жоқтығынан қымбатқа түсетін жылу мәселесін фермерлер өз күшімен шешуге тырысуда. Мал тезегін көмірсутек көзімен араластырып,  арнайы жабдықта белгілі бір температурада ұстап, үнемі илеп тұрады.

«Осылайша біз метан аламыз. Бұл биогазды, айталық, бройлер цехын жылыту үшін пайдалансақ болады. Қазір біз арнайы пеш жасаумен айналысып жатырмыз. Осылайша ферма қалдықсыз өндіріске өтеді. Метан алған соң қалған қалдықты жеміс ағаштары отырғызылған жерге тыңайтқыш ретінде қолданамыз»,– дейді Есен.

Бәсекелестер жоқ

Маңғыстау облысында дәл осы деңгейде құс өсірумен айналысатын шаруашылық жоқ. Жергілікті билік бірнеше жылдан бері жұмыртқа және ет бағытындағы екі құс фабрикасын салуға уәде берген. Тіпті олар ашылғаннан кейін де кәсіпкер отбасылық кәсіптің сатылымы төмендемейтініне сенімді. 

«Біздің өнімдеріміз фабрикалық тауармен салыстырғанда, салмағы және сапасымен ұтады. Фермерлік ет пен жұмыртқаның бәсі әркез жоғары», – дейді ол.

Алайда кәсіпкер құс фабрикасының ашылуынан да өз пайдасын көреді. Егер қазір фермерлер инкубатор жұмыртқаларын басқа облыстан сатып алса және ол кей кездері кеш жеткізіліп жатса, ендігі жерде фермерлер оны жергілікті өндірушіден сатып алатынына сенімді.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Цифра дня

64-е
место
занял Казахстан по скорости фиксированного интернета в мире

Цитата дня

Популизм – это политика посредственности. Я не раздаю пустых обещаний. Я - человек конкретных дел. Я буду твердо проводить в жизнь свою программу реформ.

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank

Вы - главная инвест-идея

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций