235 просмотров
235 просмотров

Зейнетке мерзімінен ерте шығу. Нақты нұсқаулық

Зейнетке ерте шығу үшін не істеу керек?

Фото: Аскар Ахметуллин

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы өзгерістер 2021 жылғы қаңтардан бастап қазақстандықтарға мемлекет белгілеген мерзімнен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік береді. Азаматтар 45 жасында төлемі кейінге шегерілген, зейнетақы аннуитетін сатып ала алады. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтырының мөлшері айтарлықтай төмендеді. «Курсив» осы саланың сарапшыларымен тілдесе отырып, қалай мерзімінен бұрын зейнетке шығуға болатын жайлы нұсқаулық дайындады.

Зейнетақы аннуитеті – БЖЗҚ-да жеткілікті жинақ сомасы бар адамдардың  оны өмірді сақтандыру компаниясына аударуына және зейнетке ресми шыққанға дейін зейнетақы жинақтары есебінен төлем алуына  мүмкіндік беретін сақтандыру өнімі. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегі бойынша,   қазіргі кезде 61 мыңға жуық адам жалпы сомасы 283 миллиард теңгеге зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан.

Зейнетақы заңнамасындағы реформалар

«Халық-Life» АҚ Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязованың айтуынша, 2021 жылдың басында экономика салаларын дамытуды ынталандыру және ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында, «экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелерін» қамтыған заң қабылданды.

«Осы заң негізінде  зейнетақы жүйесінде зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасуға қатысты елеулі өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, зейнетақы аннуитеті шартын жасауға қабілетті клиенттердің жасы төмендетілді, сондай-ақ осындай шарт жасауға жеткілікті жинақ сомасының мөлшері азайтылды»,    деді ол.

Бұл өзгерістер  зиянды өндірісте жұмыс істейтін және зейнетақы аннуитеті шартын жасағысы келетін қазақстандықтар үшін жас аралығын ұзартуға мүмкіндік берді.

«Егер бұл азаматтар үшін кемінде күнтізбедегі 60 ай бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса,  БЖЗҚ-дағы жинақ сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан  кем емес төлемді қамтамасыз етуге жеткілікті болса, тіпті 40 жасында шарт жасаса алады. Бұрын осы санаттағы азаматтарға рұқсат етілген жас  – 50 жас еді. Алайда, мұндай шарттар бойынша төлем төленетін мерзім  10 жылға кейінге қалдырылады. Яғни, аннуитет шарты бойынша, клиент төлемді 50-ге толғанда ғана ала алады», – деп атап өтті Жұбаниязова.

«Евразия «ӨСК» АҚ Басқарма төрайымы Гүлмира Убегалиева 45 жасқа толған және БЖЗҚ-да жеткілікті жинақтары бар ер-азаматтар мен әйелдер өмірді сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шартын жасай алатынын айтып өтті.

«Бұл санаттағы  кісілерге қойылатын негізгі шарт  – БЖЗҚ-да жеткілікті жинағының болуы. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем емес аннуитеттік төлемді қамтамасыз ете алады»,  – деді Убегалиева.

«Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аударылған қаражатты өзге мақсатқа пайдалануға болмайды. Зейнетақы аннуитеті шарты өмір бойына, кепілдік берілген индекстеу мөлшерлемесі ескеріліп,  сақтандыру компаниясы төлемді өмір бойы төлеуді мойнына ала отырып жасалады. Тиісінше, сақтанушының қаражатты сақтандыру компаниясынан алу құқығы заңды түрде шектелген, өйткені оның нысаналы мақсаты – сақтанушы зейнетақысының лайықты деңгейін қамтамасыз етуге әлеуметтік түрде бағытталған», – деп нақтылады «Nomad Life» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Чегебаев.

Зейнетақы аннуитеті шартын қалай жасасу керек?

Қайрат Чегебаевтың айтуынша,  шарт жасасу үшін:

             сақтандыруға өтініш,

             шарт жасасатын адам мен  ол өмірден өтсе, төлемді алатын  адамның жеке куәлігінің  көшірмесі,

             БЖЗҚ-дағы шоттан үзінді көшірме,

             аннуитеттік төлем жүргізілетін шоттың деректемелері қажет.

Осы орайда «Евразия» ӨСК» АҚ басшысы Гүлмира Убегалиева былай дейді: «Өмірді сақтандыру компанияларының бірінен-біріне ауысу кезінде сатып алу сомасының мөлшері туралы анықтама талап етіледі. Егер бұл сома шарт жасасу үшін жеткіліксіз болса, зейнетақы аннуитеті бойынша сыйлықақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем болмас үшін, БЖЗҚ-дан міндетті/ерікті жарна көлемі туралы үзінді қажет».

Қай жастан төлем алуға болды?

«Классикалық  зейнетақы аннуитеті шарты бойынша, төлем  өмірді сақтандыру компаниясына БЖЗҚ-дан қаражат түскен сәттен бастап, 10 күн ішінде  төлене бастайды.

«Ерлер зейнетақы аннуитетін 55 жастан бастап рәсімдей алса, ал әйелдер үшін ең төменгі жас – 52 және жыл сайын жарты жыл қосылып отырады. Яғни шарт жасасар уақытта, әйел 2021 жылы – 52 жаста, ал 2027 жылы – 55 жаста болуы тиіс»,  – деп жауап берді «Мемлекеттік аннуитеттік компания «ӨСК» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым Әмірқожаев.

Азамат Ердесовтың «Freedom Finance Life «ӨСК» АҚ басшысының айтуынша, егер зейнетақы аннуитеті шарты 45 жастан жасалса,  ерлерге  өмір бойғы ай сайынғы төлем 55 жастан, ал  әйелдерге 52 жастан бастап төленеді. (2027 жылға қарай әйелдер үшін алғашқы зейнетақы төлемін алу жасы 55-ке  дейін ұзартылады). Ал 40 жасында шарт жасасқан тұлғалар өмір бойы ай сайынғы сақтандыру төлемдерін 50 жастан бастап ала алады.

Жеткілікті сома шегі  қанша және оның төмендеуіне не себеп?

«Зейнетақы аннуитетінің құны клиенттің ӨСК-мен қанша жаста шарт жасайтынына байланысты.  Былтыр зейнетақы аннуитетін алуға  жеткілік сома ерлер үшін  – 11,3 млн теңгені, әйелдер үшін – 15,5 млн теңгені құраған еді (шарт жасасқан ер кісілер зейнетақы төлемдерін 55 жастан, ал әйелдер – 51,5 жастан бастап ала бастады). «2021 жылы зейнетақы аннуитетінің құны айтарлықтай төмендеді. Енді 45 жастан бастап шарт жасасу үшін ерлердің БЖЗҚ-дағы есепшотында  5,6 млн теңгеден асатын, ал әйелдердің 7,4 млн. теңгеден  асатын жинағы болуы шарт. Ал өмірді сақтандыру компаниясымен  40 жасында шарт жасасқан ер кісілер үшін минималды сома – 6,9 млн.теңге,  әйелдер үшін  8,5 млн теңгені құрайды», – деп мысал келтірді Азамат Ердесов.

 

«Халық – Life» АҚ басшысының  айтуынша,  жеткілікті сома шегінің  айтарлықтай төмендеуіне зейнетақы аннуитеті шарты бойынша, ең төменгі ай сайынғы төлем мөлшерінің өзгеруі себеп болған. Мұндай төлем клиенттерге ағымдағы жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70%-ын қамтамасыз етуі тиіс.

«Бұрын зейнетақы аннуитеті шарты шеңберінде сақтандыру ұйымы төлейтін ай сайынғы сақтандыру төлемінің ең төменгі мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшеріне тең еді»,  – деп айтып өтті МАК басшысы.

Қазақстандық билік отбасылық бюджетті нақты жоспарлау үшін, 2021 жылы бірлескен зейнетақы аннуитеті жобасын енгізуді жоспарлап отыр, бірақ бұл –  мүлдем басқа мәселе.   Қазіргі кезде зейнетақы аннуитеті –  мөлшері нақты белгіленген және табыстылығы кепілдендірілген, төлемді өміріңнің соңына дейін заң жүзінде алуға мүмкіндік беретін жалғыз қаржы құралы.

PR-материал

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Акции и индексы

ИНДЕКС S&P 500
     
АКЦИИ
FREEDOM HOLDING CORP
     

Читайте свежий номер

rgo