1447 просмотров

Головкин сохранил лидерство в рейтинге IBF

GGG владеет чемпионским поясом этой организации

Фото: Hommes

Казахстанский боксер-профессионал Геннадий Головкин сохранил за собой верхнюю строчку в табели о рангах Международной боксерской федерации (IBF) в среднем весе.

Примечательно, что две последующие позиции рейтинга вакантны, а ближайшим преследователем Головкина в списке сильнейших средневесов по версии IBF занимает поляк Камил Шеремета. Именно с ним GGG должен был провести свой ближайший бой, в котором планируется защита титула Головкиным. Этот поединок несколько раз переносился и далеко не факт, что он состоится 6 июня. Все будет зависеть от ситуации с коронавирусом.

В обновленном рейтинге IBF еще двум казахстанцам удалось попасть в число 15 лучших: у Мейирима Нурсултанова 8-е место, Жанибек Алимханулы расположился на 12-й строчке.

banner_wsj.gif

100 просмотров

55 жылдық тарих келмеске кетті

Футболдан бес дүркін ел чемпионы "Ertis" командасы чемпионатты жалғастырмайтын болды

Фото: "Ertis" футбол клубының ресми парақшасынан

Павлодарлық "Ertis" футбол клубы қаржылық қиындықтарға ұшырап, берешекке белшесінен батқанын бұған дейін бірнеше рет жазған болатынбыз. Ал күні кеше Павлодар облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев клубты банкроттықтан сақтап қалу үшін чемпионатты жалғастырмау жөнінде шешім қабылданғанын хабарлады. 

"Қазіргі уақытта 2020 жылдың қаңтарында қабылдаған қаржылық міндеттерді орындау мүмкін болмай тұр. Себебі клубтың бас демеушісі-ERG компаниясы жобаны қаржыландырудан бас тартты. Сондықтан легионерлерге еңбекақы төлей алмаймыз. Осыған дейін жинақталған қарыздың көлемін есептей келе ел чемпионатына қатыспау туралы шешім қабылдадық",- дейді Марат Айдашев. 

Жалпы, биыл өңірде футболды дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 1,8 млрд теңге қарастырылған болатын. Оған қоса, ERG компаниясы 1,6 млрд теңге көлемінде демеушілік көрсетуі керек еді. Алайда, ірі компания жыл басында 200 млн теңге ғана беріп, қаржылай қолдау көрсетуді тоқтатты. 

"Ал қазынадан әзірше 183 млн теңге берілді. Қалған 1,6 млрд теңгені облыстағы басқа клубтарға бөліп бермек ойымыз бар. Атап айтқанда, 40 млн теңге екінші лигада ойнайтын "Ақсу", тағы бірнеше миллион теңге бірінші лигадағы "Екібастұз" командасына беріледі. "Ertis" клубының қосалқы құрамы мен футбол орталығын ұстауға да қаржы керек. Ал қалғанын облыстық бюджетке қайтарып береміз",-деп түсіндірді басқарма басшысы. 

Бұл жайт жергілікті футболсүйер қауымның алаңдаушылығын тудырып, қоғамда қызу талқыға түсті. 

"Мен 30 жылдан бері сүйікті командамыздың әр ойынын қалт жібермей келемін. Иә, жеңілістің ащы дәмін де, ешкім қол жеткізбеген бес дүркін чемпиондықты да көрдік. 55 жылдық тарихы бар осындай іргелі клубты әп-сәтте чемпионаттан ығыстыра салу-дұрыс емес. Демеуші қаржы беруден бас тартса, басқа амалдарын қарастырып, қолдаушылар іздеп, футболшылармен еңбекақы туралы келісуге болар еді. Ал чемпионаттан алып тастау тамырына балта шабумен бірдей болып отыр",-дейді жанкүйер Қайрат Темірханов. 

Айта кетейік, ендігі ретте қарыз мәселелері шешіліп, қарыздан толық құтылса, ойынды екінші лигадан бастайды. Мұнда жеңіске жетсе ғана, бірінші лигадан бой көрсетеді. Бұл лигада оқ бойы озық атанған жағдайда премьер-лигаға қайта оралады. Бұған кем дегенде үш жыл керек. Ел біріншілігінің тарихында премьер-лигадан ұшып көрмеген "Ertis" клубының тарихты қайта жазуына тура келетіні өкінішті-ақ.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg