Перейти к основному содержанию
192 просмотра

Бюджеты команд Формулы-1 будут существенно сокращены

«Королевские гонки» затягивают пояса

Фото: Shutterstock

На следующей неделе состоится встреча руководителей команд Формулы-1 по вопросу дальнейших ограничений бюджетов. Об этом сообщает ВВС.

Совещание должно было состояться еще в минувшую пятницу, но было перенесено из-за того, что командам потребовалось время на изучение этого вопроса и проработки новых предложений.

В следующем сезоне расходы должны быть уменьшены до $175 млн без учета зарплат пилотов. Однако достигнуто устное соглашение о сокращении бюджетов до $150 млн с дальнейшим понижением на $10 млн ежегодно.

Добавим, что в сумму $175 млн за один сезон укладываются только пять команд «Больших призов»: Toro Rosso ($160 млн), Alfa Romeo ($150 млн), Haas ($150 млн), Racing Point ($145 млн) и Williams ($120 млн). Для сравнения: годовой бюджет Ferrari составляет ($450 млн).

banner_wsj.gif

84 просмотра

«Футболшылар ешкімнен артық емес»

Павлодар облысының әкімі жергілікті «Ertis» футбол клубының ойыншылары неліктен ел қатарлы 42500 теңге алғанын түсіндірді

Фото: «Ertis» футбол клубының сайтынан алынды

Еліміздің футболдан бес дүркін чемпионы «Ertis» футбол клубының басшылықтың қаржылық «қитұрқыларының» салдарынан тағдыры қыл үстінде тұрғаны аздай, еліміздегі төтенше жағдай режимі кезінде 42500 теңге алу - спортшылар үшін жығылғанның үстіне жұдырық болыпты. Еске сала кетейік, наурыз айында жүргізілген аудиттен соң клубтың қаражаты мақсатсыз пайдаланып, салық уақтылы төленбей, берешекке белшеден батқаны анықталған еді. Ойыншылардың айтуынша, карантин кезінде небары 42500 теңге алуы тіпті қиынға соқты. Сондықтан облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың атына да ашық хат жолдаған.

«Мен барлық жерлестеріміз сияқты «Ertis» футбол клубының жағдайына алаңдаймын. Қазіргі күндегі қарызы оның әрі қарай дамуына мүмкіндік бермей отыр. Дағдарысқа қарсы шаралар да нақты нәтижесін берген жоқ», - деді Әбілқайыр Сқақов брифинг барысында. 

Аймақ басшысы футбол клубы қоғамдық ұйым болғандықтан, барлық мәселені облыстық әкімдік шеше алмайтынын да айтты. 

«Еліміздегі төтенше жағдай режимі кезінде барлық дерлік шағын және орта бизнес жұмысын тоқтатып, оның қызметкерлері 42500 теңге алды. Ендеше неге футболшылар өздерінің миллиондаған жалақысын минималды көлемдегі айлыққа дейін қысқарта алмайды? Олар ешкімнен артық емес. Ойыншыларға ел қатарлы 42500 теңгенің төленуі әділ деп есептеймін. Себебі төтенше жағдай режимі кезінде ешқандай жаттығу, ойын болған жоқ», - деген пікір білдірді Әбілқайыр Сқақов. 

Ал «Ertis» ойыншылары жаттығу жиындарына бірнеше күн бұрын кірісіп кетті. Орталық стадионда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, футболшылар жергілікті «Жұлдыз» стадионында жаттығуда. 

Команданың бас бапкері Милан Миланович бастысы чемпионатқа дайындықты сапалы жүргізу дейді. 

«Мұндай екі айлық үзілісті мен де, футболшылар да көрмеген. Сондықтан айтарлықтай қиын болып тұр. Менің ойымша, қазіргі уақытта чемпионаттың басталар күнін күтіп, соған жақсы дайындалу керек. Әрі қарай не боларын уақыт көрсетер. Басшылық берген тапсырма аясында жұмыс істейтін боламыз», - деді Милан Миланович. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png