Головкин мен Шеремета Қазақстанда жұдырықтасатын болды

Жарияланды
Жекпе-жектің өтетін орны мен уақыты өзгерді

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін Геннадий Головкин мен Камил Шеремета арасындағы жекпе-жек Қазақстанда өтетін болды.

Алғашында бұл кездесу 2020 жылғы 28-наурызда Чикагода (АҚШ, Иллинойс штаты) өтеді, деп жоспарланған болатын, одан кейін, жекпе-жекті өткізу датасы ретінде 11-сәуір аталған-ды. Алайда қазір кездесудің көрсетілген уақыттарда өткізілмейтіні белгілі болды. 

Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек мамыр айына ауыстырылды. Бұдан бөлек, жекпе-жектің АҚШ-та емес,Қазақстан аумағында өткізілуі әбден ықтимал.

Естеріңізге салсақ, GGG мұның алдындағы жекпе-жегін 2019 жылғы қазанда өткізген болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен украиналық Сергей Деревянченкодан (13-2, 10 КО) басым түсіп, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін ұтып алды. Шеремета соңғы рет Головкин жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсеткен-ді. Ол кезде поляк атлеті өзінің мексикалық қарсыласы Оскар Кортесті (27-6, 14 КО) нокаутқа түсірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз