Перейти к основному содержанию

1610 просмотров

Казахстанская теннисистка вышла в финал турнира в Китае

Елена Рыбакина находится в шаге от первого в году титула

Фото из открытых источников

Представительница Казахстана Елена Рыбакина пробилась в финал турнира WTA в китайском Шэньчжэне.

В полуфинале нашей соотечественнице противостояла вторая сеяная на турнире – чешка Кристина Плишкова. Их поединок завершился уверенной победой казахстанки в двух сетах – 6:2, 7:5.

За 1 час и 12 минут игрового времени Елена сделала 9 эйсов, совершила 3 двойные ошибки и отыграла все 3 брейк-пойнта противницы.

Соперницей Рыбакиной в борьбе за титул станет россиянка Екатерина Александрова, которая обыграла Гарбинье Мугурусу (6:4, 6:3), ранее выбившую из соревнований другую казахстанскую теннисистку – Зарину Дияс.

banner_wsj.gif

278 просмотров

«Екібастұз» футбол клубы тығырыққа тірелді

Қаржылық қиындықты еңсеру үшін Павлодар облысы әкімдігінің көмегі керек

Фото: команданың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазақстанның бірінші лигасында өнер көрсететін «Екібастұз» командасы Өзбекстандағы оқу-жаттығу жиындарынан жақын күндері келуі екіталай. Көршілес ел қазақстандық футбол клубы қарызды қайтармаса, шекарадан шығармауы мүмкін екенін ескертіпті. 

Қарыз – 8 млн теңге 

Былтыр бірінші лигада 12-орын алған «Екібастұз» футбол командасы биыл үздік үштікке ілігеміз деген үмітпен 1 наурызда Өзбекстанға аттанған еді. Жоспар бойынша, оқу-жаттығу жиындарынан 14 наурызда оралуы тиіс. Әйтсе де, бұл мерзім кейінге шегерілуі әбден мүмкін. Себебі қазақстандық клубтың жаттығу жиындарының шығынын өтейтін қаржысы жоқ. 

«Жалпы смета сомасы 8 млн теңгені құрайды. 23 футболшы мен тренерлік штабы құрамындағы 6 адамның тамақтанып, тұрғаны үшін өзбекстандық тарапқа 5 млн теңге төлеуіміз тиіс. Бұл соманы бірнеше күн дересінде өтемесек, ойыншыларды шекарадан өткізбеуі ықтимал», – дейді «Екібастұз» футбол клубының директоры Ғалым Бәйкен. 

Ал 16 наурыз күні екібастұздық спортшылар Шымкент қаласында Кубок сарапқа салынатын турнирге қатысып, «Атырауға» қарсы ойын өткізуі тиіс. Қаржы мәселе шешілмесе, бұл бәсекеден қалыс қалатын түрі бар. 

Әкімдік қолдау көрсетсе... 

«Екібастұз» спорт клубы толығымен бюджет есебінен қаржыландырылады. Былтыр команданың ойын көрсетуі үшін қазынадан 200 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген еді. Биыл да осы көлемдегі сома қажет. Алайда Екібастұз қаласының әкімдігі футболды қаржыландыруға жергілікті бюджеттің қауқары жоқ екенін алға тартыпты. Сондықтан екібастұздық клубтың Павлодар облысының билігінен қолдау сұраудан басқа амалы қалмады.

«Біздің командадағы 26 ойыншының 19-ы – жергілікті жастар. Легионерлер мүлде жоқ. Тренерлік штабта 6 бірдей білікті маман жұмыс істейді. «Екібастұз» Қазақстанның Премьер-Лигасындағы «Ертіс» футбол клубын мықты аяқдоп шеберлерімен қамтитын база десек те болады. Осының барлығын ескере келе, бізге облыс басшылығы көңіл аударып, қол ұшын созса дейміз. Әйтпегенде, Екібастұзда футбол тарихының парағы жабылуы бек мүмкін», – дейді Ғалым Бәйкен. 

Айта кетелік, «Екібастұз» футбол клубының «Ертістің» қаржылай қолдаушысы – ERG компаниясы сынды демеушісі жоқ. Сондықтан команда басшылығының барлық үміті  жергілікті билікте. 
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif