Қазақстанның бокс федерациясы 2019 жылдың үздіктерін анықтады

Жарияланды
ҚБФ үздік спортшылар мен олардың бапкерлерін марапаттады

Кетіп бара жатқан жылдың соңында Қазақстанның бокс федерациясы (ҚБФ) дәстүр бойынша маусымның лауреаттарын атады.

Жылдың үздік боксшысы атағы барлығы күткендей, Бекзат Нұрдәулетовтің еншісіне тиді, ол биыл Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен-ді. Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін 21 жастағы боксшы – еңбегі сіңген спорт шебері, Маңғыстау облысының түлегі, ол бапкерлер Марат Жакиев пен Әділ Басығараевтың шәкірті.

2019 жылдың қорытындылары бойынша әйелдер арасында әлем және Азия ечмпионаттарының жүлдегері қарағандылық Милана Сафронова топ жарып, үздік атанды.

Жастар арасындағы Азия чемпионатын ұтып алған Сабырхан Махмуд жылдың үздік жас боксшысы атанды. Ал осы Махмудты тәрбиелеген бапкер Ільяс Оралбек Қазақстан құрамасының жастар арасындағы үздік бапкері атағына ие болды.

Қыздар арасында жастар арасындағы Азия чемпионатының финалисі Әнел Сакыш үздік атанды.

Маңғыстау облысының боксы федерациясы еліміздегі үздік федерация атанса, Алматы облысының өкілі, халықаралық дәрежедегі арбитр Ғани Ысқақов Қазақстанның үздік төрешісі атағын еншіледі.

Сондай-ақ оқыңыз