Қазақстандық ауыр атлет бүкіл атағы мен марапатынан айырылды

Владимир Седов допинг қолданғаны үшін жазаға тартылды

Фото: Shutterstock

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың 2008-2016 жылдардағы бүкіл нәтижесінің күшін жойды.

2016 жылғы жазда Халықаралық Олимпиада комитеті мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі (WADA) Үштөбе тумасының сегіз жыл бұрын Бейжің Олимпиадасында тапсырған допинг-сынамасын қайта тексерген еді. Одан тыйым салынған «станозолол» препаратының іздері табылған. Екі жылға созылған тергеу аяқталған соң, спортшы сегіз жылға дисквалификацияға ұшырады. Өйткені ол бұған дейін де допингке қарсы ережені бұзған еді.

Сол кезде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовты 2008 жылғы Олимпиада ойындарында иемденген төртінші орыннан айырған. 

Енді  ауыр атлет 2009 жылғы әлем чемпионы, 2009 және 2016 жылғы Азияның екі дүркін чемпионы, 2011 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сонымен қатар, 2013 жылғы әлем чемпионаты мен 2014 жылғы әлем чемпионатының қола және күміс жүлдегері атақтарынан да айырылатын болады. 

«Владимир Седов халықаралық ауыр атлетика федерациясымен байланыс орнатуға құлық танытпай,  өз мәнсабында екінші рет допингке қарсы ережелерді бұзғаннан кейін, өзін қорғауға ниет білдірмегендіктен IWF тәртіптік кеңесі осындай шешім шығарды. Ол ең құрығанда, сот отырысына қатысатыны туралы өтініш жазуы керек еді. Бірақ Владимир ізім-ғайым жоғалып кетті»,– деді ҚР Ауыр атлетика фердерациясының спорт жөніндегі директоры Димаш Сұлтанов. 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg