«Канело» жартылай ауыр салмақтағы титулдан бас тартты

Жарияланды
Қысқа мерзім ішінде мексикандық екі чемпиондық белбеуден айырылды

Орта салмақтағы әрекет етуші әлем чемпионы Сауль Альварес WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы титулдан бас тарту жөнінде шешім қабылдады.
 
Мексикандық боксшы WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық титулды 3-қарашада Лас-Вегаста Сергей Ковалевті нокаутқа жіберіп ұтып алған-ды. Сол күні ол төрт салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионы атанды.

Бұдан бұрын Альварес екінші орта салмақтағы белбеуден бас тартқан-ды. Сөйтіп, қазіргі таңда ол тек орта салмақтағы титулға ие. «Канелоның» болашаққа жоспары бұрынғыдай ашылып, айтылмай отыр, бірақ оның жақын уақытта жартылай ауыр салмақтағы мәнсабын жалғастыруға ниетті емес екені анық.

Ал орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әрекет етуші әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин бұрынғыдай Альвареспен үшінші рет кездесуге мүдделі.
 

Сондай-ақ оқыңыз