Футболдан Қазақстан құрамасының капитанын мәскеулік клуб шақырды

Жарияланды
Оның «Қайратпен» жасаған контрактісі жақында аяқталмақ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы және капитаны Бауыржан Исламхан өзінің мәнсабын мәскеулік «Локомотивте» жалғастыруы мүмкін, деп жазылған журналист Айдын Кожахметовтың телеграм-арнасында.

2014 жылдан бері футболшы «Кайрат» сапында өнер көрсетіп келді. Ойынша клубпен контрактісін ұзартқан жоқ, ол қазір келіп түскен ұсыныстарды қарастыруда. Ересектер арасындағы мәнсабын Исламхан  «Таразда» бастаған болатын, сонымен қатар, ол «Кубаньнің»екінші командасында өнер көрсетті және жарты маусымды «Астана» сапында өткізді.

Жартылай қорғаушы «Қайрат» қатарында 197 матч өткізіп, қарсыластарының қақпасына 56 гол соқты. Қазақстан құрамасы үшін ол 43 матч өткізіп, 3 гол соқты. Оның Алматы клубымен контрактісі 2019 жылғы 31-желтоқсанда аяқталады.

Алматы клубының қатарында Исламхан ел чемпионатының бес күміс және бір қола медальдарын ұтып алса, одан бөлек, Қазақстан Кубогінде төрт дүркін жеңіске жетіп, екі рет Суперкубокты иеленді.

Сондай-ақ оқыңыз