Қазақстандық жеңіл атлет қыз допинг үшін дисквалификацияға ұшырады

Жарияланды
Жаза 2012 жылғы олимпиаданың сынамаларын қайта тексеруден өткізуден кейін шығарылды

2012 жылғы жазғы олимпиаданың допинг-сынамаларын қайта тексерудің нәтижелері бойынша қазақстандық жеңіл атлет Наталья Ивонинская екі жылдық дисквалификацияға ұшырады. Бұл туралы Қазақстанның допингке қарсы орталығы хабарлайды.

Оны жарыстардан шеттету 2018 жылғы 26-қазаннан басталады, деп танылды. Дәл сол кезде Жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық ассоциациясы (IAAF) қазақстандық спортшының IAAF эгидасымен өткізілетін жарыстарға қатысуына тыйым салды. Тыйым салынған препараттарды қолдануды тексеруге жұмсалған уақыт жазалау мерзіміне кіреді. 

Естеріңіге салсақ, Натальяның допинг-сынамаларын тексеру кезінде салмақ түсіруге арналған оралтуринабол препаратын қолданудың іздері табылған.

2012 жылы Лондонда өткен жазғы олимпиада ойындарында Ивонинская 100 метрге кедергілермен жүгіруде 27 нәтиже (13,20 секунд) көрсеткен болатын. Дисквалификация бітетін уақытқа қарай атлет 35 лжасқа толады.

Сондай-ақ оқыңыз