Қазақстандық боксшы 15 үздіктің тізіміне кірді

Жарияланды
Әлімханұлының нокаутпен жеңіске жетуі оған WBC рейтингісіндегі орнын жақсартуға мүмкіндік берді

Боксшылардың бүкіләлемдік кеңесі (WBC) ұйымның барлық салмақ дәрежелері бойынша қараша айындағы рейтингісін жариялады.

Орта салмақта өнер көрсететін Қазақстан өкілі Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) дәрежелер тізімдігінің жаңа нұсқасында 16 орыннан 15 орынға көтерілді.

Атап айтарлығы, WBC-тің орта салмақтағылары арасындағы рейтингте екінші орын 2020 жылғы ақпанда Геннадий Головкинмен жұдырықтасатын поляк боксшысы Камил Шереметаның еншісінде. Бұл тізімдегі үшінші орында украиналық боксшы Сергей Деревянченко тұр – ол GGG-мен 6-қазанда кездесіп, жеңілісті ащы дәмін татқан еді.

Ал Головкиннің өзіне келетін болсақ, ол барлық бокс ассоциацияларының біріккен рейтингісінің көшін бастап тұр

Естеіңізге салсақ, 9-қарашада Әлімханұлы Калифорнияда шығу тегі нигериялық канадалық боксшы Альберта Онолуносемен (24-3-1, 8 КО) өткен жеке-жекте қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен-ді. Сөйтіп, ол орта салмақтағы өзіне тиесілі WBO Global и WBC Continental Americas титулдарын табысты қорғаған болатын….
 

Сондай-ақ оқыңыз