Қазақстанда жаңа салық енгізіледі

Опубликовано
Оны футбол бапкерлері төлейтін болады

Алдағы маусымнан бастап, Қазақстан премьер-лигасындағы шетелдік маман басқаратын әр клубтың салық төлеуіне тура келеді. 

Оның көлемі жылына 100 мың долларды құрайды, ҚПЛ-дағы шетелдік жаттықтырушыларға салық салу туралы шешімді Футбол федерациясының атқарушы комитеті жақын арадағы отырысында қабылдауы тиіс.

Дегенмен бұл салық кейбір шетелдік бапкерлерге салынбайды. ЕАЭО елдері: Беларусь, Армения, Ресей және Қырғызстан паспортын иелетін бапкерлер аталмыш салықтан босатылады. ҚПЛ-да ондай бапкер екеу: «Қайраттың бапкері – Алексей Шпилевский мен «Ақтөбенің» бапкері – Александр Седнев. Екеуі де Беларусь азаматтары. 

«Астана», «Ордабасы», «Қайсар», «Шахтер» және «Ертіс» командаларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден келген жаттықтырушылар басқарады. Одан бөлек, Бірінші лигадан көтерілген «Каспий» клубында Хорватиядан келген шетелдік бапкерлер тобы жұмыс істейді, оларға да салық салынуы тиіс. 

Отандық мамандар «Тобыл», «Жетісу», «Оқжетпес», «Тараз» және «Атырауды» жаттықтырады.

Легионер-бапкерлерге салынатын бұндай салық Ресей лигаларында бар, ал Өзбекстан, керісінше, былтыр бұл салықты алып тастаған.

Читайте также