IBF Головкиннен белбеуді қорғауды талап етуде

Жарияланды
Ұйым GGG-ге қарсыласты да таңдап қойыпты

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Геннадий Головкинді орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы титулын қорғауға міндеттеді. Бұл турасында Vringe хабарлады.

Белбеуге міндетті үміткер ретінде поляк Камил Шеремета бекітілді, ол 8-ақпанда қазақстандықпен Чикагодағы Wintrust аренасында жұдырық түйістіруге тиіс.

GGG-мен титулдық жекпе-жегі үшін Шеремета $250 мың алады, бұл польшалық боксшының кәсіби мансабтағы ең ірі сыйақысы.

Бұдан бөлек, Головкин мен Шереметаның кездесуін ұйымдастырумен айналысатын промоутер Эдди Хирн егер Геннадий IBF  титулын табысты қорғаса, ол қайтадан дивиззионның біріктірілген чемпионы Саулем Альвареспен жұдырықтасу мүмкіндігіне ие болатынын растады. Оның Канеломен үшінші жекпе-жегі2020жылдың мамыр айына белгіленген.

Сондай-ақ оқыңыз