Футзал бойынша Қазақстанның құрама командасы рекордтық жоғары орынға жайғасты

Опубликовано
Бұдан бүрын команда әлем чемпионатына шыққан болатын

Футзал бойынша әлемнің үздік құрамаларының 8-қарашадағы жаңартылған рейтингісі шықты – онда Қазақстан құрамасы 7-орынға табан тірепті.

Бұл 1996 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан біздің команданың ең үздік көрсеткіші. Әлемдік ранг табелінде Қазақстаннан жоғары тек футбол әлеміндегі танымал, кем дегенде бір рет әлем, не болмаса, өз континентінің чемпионы болған Бразилия, Испания, Ресей, Иран, Аргентина және Португалия сияқты құрамалар орын теуіпті.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатының элиталық раундына шыққан болатын.  Ал күні кеше ғана ол іріктеудің шешуші кезеңінде қарсыластары кім болатынын білді. Әлемдік форумның финалдық кезеңіне жолдаманы жеңіп алу үшін бразилилық маман Какажетекшілік ететін қазақстандық футболшылар  Словенияның, Румынияның және Чехияның құрамларымен күш сынасатын болады. Мини-турнир 28-өқаңтар мен 2-ақпан аралығында өтеді.

Читайте также