Еуро-2020: Қазақстан құрамасы Шотландия командасынан ұтылды

Жарияланды
Шотландықтар Нұр-Сұлтандағы жеңілістің есесін қайтарды

Еуропа  чемпонаты іріктеу кезеңінің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Шотландия командасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл қарсыластар іріктеу турнирін ашқан еді: 22-наурызда өз алаңында ойнаған қазақстандықтар британдық қонақтарды 3:0 есебімен ойсырата жеңген-ді. Глазгода өткен ойын барысында  да есепті біздің футболшылар ашты. Бахтиер Зайнутдинов алаң иелерінің қақпасына 20 метрден әдемі гол соқты.

Ойынның 48-і минутына дейін алда келе жатқан команда, 64-і минуттан кейін  шотландықтарға есе жібере бастады. Қарсылас команда Қазақстан құрамасының қақпасына 3 гол соқты. 1:3 есебімен жеңілген құрама L іріктеу тобында 5 орынға жайғасты. Қазір чех тренері Михал Билектің командасының қоржынында 10 ұпай бар.

Сондай-ақ оқыңыз