Данияр Елеусіновтың келесі қарсыласы анықталды

Жарияланды (жаңартылды )
Ол WBC-тің экс-чемпионымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) өзінің келесі жекпе-жегін американдық Алан Санческе (20-4-1, 10 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Boxrec.

Бұрын Санчес WBC Continental Americas чемпионы титулына ие болған-ды. Жекпе-жек 20-желтоқсанда Аризона штатындағы Финикс қаласының Talking Stick Resort аренасында өтеді.

Қазастандық атлет өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылғы қарашада өткізіп, кездесудің бірінші раундында американдық Решарда Хиксты (12-1-1, 6 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз