Бес рет сүрінген «Барыс» жеңіске жетті

Опубликовано
Кезекті турда қазақстандық хоккейшілер «Северстальден» басым түсті

Бір аптаға созылған үзілістен кейін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты жалғасын тапты. 

Бұл жолы қазақстандық «Барыс» Череповецте ҚХЛ Шығыс конференциясының турнир кестесінде оныншы орында келе жатқан  жергілікті «Северстальмен» кездесті.

Кездесудің басында алаң иелері басымдық танытып, ойынның бірінші кезеңінде қонақтарға дес бермеді, сөйтіп кезең аяқталардан бұрын матчтың есебін де ашып үлгерді – 1:0.

Ойынның екінші кезеңінде шайба екі қақпаға да дарымады. Қазақстандықтар есепті тек үшінші кезеңде ғана теңестіруге қол жеткізе алды. Ол кезде Эрик Тангрейди  «Барыс» ойыншыларының көпшілігін пайдалана білді.

1:1 – ойынның негізгі уақыты осындай есеппен аяқталды, қарсыластар текетіресті овертаймда жалғастыратын болды. Қосымша кезең тек үш минутқа созылды, шайбаны қақпаға дәл бағыттаған Антон Сагадеев  Нұр-Сұлтандық клубты жеңіске (2:1 ОТ) жеткізді. Сөйтіп, осымен «Барыстың» қатарынан бес матчқа созылған сәтсіздік сериясы тәмәм болды.

«Біде де, «Северстальда» да қолайлы сәттер болды, сондықтан, менің ойымша, негізгі уақыттағы тең ойын — заңды дүние. Ал овертаймда біздің жолымыз болды, нәтижесінде, көптен күткен жеңіске жетіп, қуанып қалдық. Сондықтан, әлбетте, біз екі ұпай еншілегенімізге ризамыз», – деді матчтан кейін «Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка.

ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінің келесі ойынын қазақстандық команда тағы да сыртта өткізеді – 14-қарашада  ол Мәскеуде «Динамоға» қарсы өнер көрсетеді.

Читайте также