«Астана» – «Манчестер Юнайтед» матчы билетінің бағасы қанша тұрады

Жарияланды
Билеттерді сату басталып та кетті

Еуропа лигасы топтық турнирінің «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы матчына билеттерді онлайн-сату басталды.

Бұл ойынды  стадионда өз көзіңізбен тамашалау үшін бағасы 4 000 теңгеден 55 000 теңгеге дейін тұратын билет сатып алу қажет. Билет құны оның «Астана Арена» секторындағы орнына сәйкес санаттарға бөлінген.  

Алты жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін, бірақ оларға жеке орын берілмейді.

УЕФА ережелері бойынша, Еуропа лигасы матчтарына бағаны қабылдаушы тарап анықтайды, бұл жағдайда – «Астана» футбол клубы.

Алыпсатарлыққа қарсы күрес мақсатында шектеу енгізілген – бір адамға бес билеттен артық сатылмайды. Әзірге, оларды тек онлайн режимінде сатып алуға болады, кассалар матчқа үш күн қалғанда ашылады.

Естеріңізге салсақ, Еуропа лигасы L тобындағы бесінші турдың «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы матчы 2019 жылғы 28-қарашада өтеді. «Астане Аренадағы» ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50 басталады. Төрт турдан кейін 10 жинаған МЮ топта көш бастап тұрса, бірде бір ұпайға қол жеткізбеген қазақстандық команда көш соңында келеді.

Сондай-ақ оқыңыз