Бір миллион еуроға жалға алынған футболшы енді «Астана» сапында өнер көрсетпейді

Опубликовано
Фирмин Мубеле жақында қайтадан «Тулузуға» оралады

Конго Демократиялық Республикасының шабуылшы Фирмин Мубеле енді «Астана» командасының формасын кимейді және шиеленісті маусымның соңында елордалық командаға көмек бере алмайтын болды.

Африкандық атлет күзгі операциядан кейін оңалу курсынан өтіп жүр, бірақ ол желтоқсан айының соңында жалға алу келісімі аяқталатын кезге дейін қалпына келіп үлгермейді. 

Сөйтіп, Мубеле, қысқа қарай, өзіне иелік ететін «Тулуза» командасының қарамағына оралады.

«Астана» конголездік форвардты шілде айының соңында француздарға бір млн еуро төлеп, жалға алған болатын. Осы уақыт ішінде бір ғана гол соққан 25-жасар Мубеле Қазақстан чемпионатындағы бірде бір ойында толық ойнаған жоқ.

Читайте также