Перейти к основному содержанию
3548 просмотров

Карантин ударил по розничной торговле Казахстана

По сравнению с прошлым годом спад составил 4,5%

Фото: Shutterstock

В марте объёмы розничной торговли ушли в минус: всего 840,7 млрд тг, что на 4,5% меньше в реальном выражении, чем годом ранее, говорится в исследовании Energyprom.kz.

За январь–март 2020 года объём розничной торговли составил 2,4 трлн тг, реальный рост за год с учётом инфляции — всего 0,8%. 

Из всего объёма розничной торговли в первом квартале 796,55 млрд тг (33,5%) пришлось на продовольственные товары и 1,6 трлн тг (66,5%) — на непродовольственные.

1_77.png

С момента введения чрезвычайного положения (16 марта) торговые сети РК потеряли 120 млрд тенге. Об этом говорится в письме, с которым Союз торговых сетей Казахстана обратился к премьер-министру РК Аскару Мамину. В открытом письме Союза торговых сетей говорится, что падение товарооборота компаний непродовольственного сектора достигает от 70 до 100%. Нехватка оборотных средств не позволит выплатить заработную плату, выполнить обязательства перед банками и поставщиками.

Продуктовые сети продолжают работать, но несут потери из-за сокращения часов работы, ограничения передвижения людей и транспорта. К тяжелой экономической ситуации приводят потери продаж от перебоев и прекращения поставок, недопоставки по наиболее востребованным товарам и импорту, переплаты транспортным компаниям из-за ограничений в работе складов, затраты на персонал, которые включают повышенные ставки за работу во время ЧП и оплату жилья персоналу, который живет за пределами карантинных зон.

По регионам спад объёмов ритейла пришёлся на два главных центра розничной торговли в стране: Алматы (сразу минус 12,2%, до всего 241,3 млрд тг за март 2020-го) и Нур-Султан (минус 21,9%, до всего 79,8 млрд тг).

2_75.png

banner_wsj.gif

58 просмотров

Күл жинауға қатысты дауға нүкте қойылды

Күлді рұқсатсыз жинап сатқандардың ісі заңдастырылатын болды

Фото: ашық дереккөздерден

Бұған дейін Павлодар облысында күл үшін текетірес болып, тәртіп сақшысының қызметтен шеттетілгенін жазған едік. Бұл мәселе осы уақытқа дейін егжей-тегжей сараланып, билік пен бұқара бір байламға келді. 

Күл жинау оңай ма?

Көктем келе Ақсу қаласына қарасты Береке ауылының тіршілігі қызады. Тұрғындар Екібастұз қаласындағы ГРЭС-1, ГРЭС-2 зауыттарынан шыққан күлді көлдің бетінен қалқып алып, микросфера шығару үшін жинайды. Күні-түні бел жазбай жинаған күлді тапсырып, күнделікті нәпақасын содан табады.  

Десе де, тұрғындар күлді күнде жинамайды. Бұл - қысқа уақыттық олжа ғана. Яғни, тек қар кетіп, көлдегі мұз еріген тұста зауыттан шыққан күлді қалқып алуға болады. Бұл іске жергілікті тұрғындар тыңғылықты дайындалады. 

Мамықтай жеңіл күлді қолмен жинап алу әсте мүмкін емес. Ол үшін басы темірден төртбұрыш болып жасалған, ағаш сабы бар құрал керек. Оның басына арнайы материалдан тігілген қапты байлайды. Тұрғындардың барлығы дерлік күл жинайтын бұл құралды өздері тігіп, дайындап алады. Әйтпегенде, әрқайсысын 6 мың теңгеге сатып алулары керек. Бұл бағаны кез келген ауылдықтың қалтасы көтере бермейді. 

 

 

 

Сол құралды асынып, қаптарын дайындап, ауылдан бірнеше шақырым жерде жатқан көлге қарай бет алады. Күнкөріс қамымен бұл іске жас та, жасамыс та, ер де, әйел де барады. Қапты толтыру үшін су өткізбейтін киімдерін киіп, белуарға дейін көлге кіреді. Бір адам күніне 70-100 қап жинауы мүмкін. Желді, жаңбырлы күндері табыс табамын деу - әурешілік. Себебі көлдің бетіне күл жиналмай, тұрғындар бос қайтады. 

Ал қаптарын толтырып алса, сол жерде ресми түрде күл жинауға рұқсат қағазы бар бірнеше компанияға тапсырады. Жергілікті жұртшылықтың айтуынша, сатып алушылар бір қапты 250-500 теңгеге бағалап, оны микросфера дайындайтын отандық және шетелдік кәсіпорындарға келісін 50-60, тіпті 100 теңгеге сатады. Сонда бір қап күлді 5 мың теңгеге дейін өткізуге болады. Енді алыпсатарлардың бір қаптан табатын табысын есептей беріңіз. Бұл жайт күні-түні көл басында еңбек еткендердің наразылығын тудырмай қоймады. 

«Күл жинау оңай іс емес. Аз да болса ақша табайық деп қиындығына қарамастан жинаймыз. Бірақ, бізден бір қапты 250 теңгеге алып, оны 10, тіпті одан да көп есеге сату – халықты қанау әрі еңбегін бағаламау деп білеміз. Сондықтан қояр талабымыз – бір қапты 250 теңгеден жоғары бағаға сатып алсын», – дейді Еркебұлан есімді азамат. 

Даудың басы...

Жеке компаниялардың бағаларына келіспеген кейбір жұмысшылар көл басынан 7-8 қап күлді алып шығып, жақын орналасқан ауылдардағы қабылдау пунктеріне келісін 50 теңгеден өткізетін көрінеді. Микросфера өндірісіне қажет шикізаттан айырылып қалған кәсіпорындар тұрғындардың мұндай әрекетін құп көрмейді. Жалпы, микросфера – алюмосиликатты ұсақ түйіршіктер. Ол - мұнай өндірісі мен құрылыста таптырмас бөлшек. Көлемі небары 500 микрон болатын бұл шар тәріздес өнім ұңғымалар қазуда, цемент қоспаларына араластырып, оның беріктігін нығайтуда кеңінен қолданылады. Сәйкесінше, сұраныс та жоғары. 

Оны шығаратын кәсіпорындар тұрғындардың өз еркімен, еш рұқсатсыз көлдің бетінен күл жинап, жеке пунктерге тапсыруын дұрыс емес деп санайды. Соның салдарынан екі тарап арасында түсініспеушіліктер жиі туындайды. Тіпті, өткен жылы компаниялар жалдаған күзет фирмасының өкілдері көлдің аумағына кіріп, қап-қап күл шығармақшы болған тұрғындарға оқ атқаны бар. Тұрғындардың өздері мұндай әрекетке еріккеннен емес, ресми жұмыс болмағандықтан барып отырғандарын айтады. 

Ал Достық ауылдық округінің әкімі Жамбыл Қайырхановтың айтуынша, еңбек етемін деген адамға жұмыс табылады. 

«Біздің округте, жақын жатқан Қалқаман кенті мен Ақжол ауылында бос жұмыс орындары бар. Шаруа қожалықтарының өздері 10-ға жуық жұмыс орнын ұсынып отыр. Бірақ, 70-80 мың теңге айлыққа ешкімнің жұмыс істегісі келмейді. Кейбіреулері биржа арқылы ұсынған жұмыстардан да «жалақы аз» деп бас тартады. Сондықтан табысы анағұрлым көп күл жинау ісіне кіріседі», – дейді ауыл әкімі. 

Еңбектері лайықты түрде бағаланбағанына ашынған тұрғындармен Ақсу қаласының әкімі Балғабай Жұмағұлов та бірнеше рет кездесіп, көпшілікпен ортақ мәмілеге келудің амалын қарастырды. Сөйтіп, жергілікті билік пен тұрғындар бір байламға келді. Бұдан былай тұрғындардан күл бірдей бағамен қабылданатын болды. Тек ол үшін күл жинайтын азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, сол жерден күл алуға рұқсат берілген компаниямен өзара келісімшарт жасап, іс-әрекеттерін заңдастыруы тиіс. Талайдан бері келе жатқан дауға нүкте қойып, заңды түрде табыс табудың жалғыз жолы - осы. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png