Қазақстанда арақ өндірісі қысқарды
Алкоголь бағасы қымбаттаған
2019 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда арақ өндірісі 34,3 пайызға, 19,5 млн литрге дейін төмендеген, ликер мен өзге де сусындардың өндірісі – 32,7%, яғни, 2,3 млн литрге дейін азайса, коньяк шығару 13,2 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Бұл ретте, жеңілдеу алкоголь өнімдерінің өндірісі артқан: сыра шығару 10,9 пайызға өсіп, 663 млн литрге жетсе, шарап өндірісі 14,3 пайызға көбейіп, 49,9 млн литрді құраған.
Отандық өндірістің ішкі нарықты арақ және алкогольді ішімдікпен қамтамасыз етуі жаман емес: 10 айдың қорытындысы бойынша, қазақстандық компаниялар сұраныстың 77,7%-ын жауып тастаған.
Ал шарап нарығында импорт үлесі баршылық, отандық өндірушілер сұраныстың 68,1 пайызын қамтамасыз еткен.
Ал сыраға қатысты айтақ, бұл нарықтағы өнімдерді толықтай отандық өндірушілер шығарады, қазақстандық компаниялар нарықтағы сұраныстың 91,3 пайызын жауып отыр.
Сонымен қатар, былтыр алкоголь өнімдері 8,6 пайызға қымбаттаған. Соның ішінде, арақ бағасы бірден 10 пайызға өссе, шарап – 5 пайызға, сыра – 8,5 пайызға қымбаттаған.
Айта кетейік, 2019 жылы алкоголь өнімдеріне акциз (коньяк, бренди, шарап, шарап материалы, сыра және сыра сусынынан басқа) жүз пайыз артып, спирттің бір литріне 2 550 теңгеге дейін өскен.
Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен
Материалы по теме
Читайте в этой рубрике