East Mineral Resources компаниясы «Ертіс мыс балқыту зауытының» өндірістік қалдығынан мырыш пен мыс өндірмек

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
East Mineral Resources компаниясы өндірісітік қалдықты игермек. Фото: shutterstock

East Mineral Resources компаниясы «Ертіс мыс балқыту зауытының» өндірістік қалдық үйінділерін (технологиялық минералды түзілімдер) өңдеп, 2024-2043 жылдары мырыш пен мыс өндіруді жоспарлап отыр.

Компанияның мәлімдемесінде бұл жұмыс Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында, Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 28 шақырым жерде, ауданы 26 гектар жер телімінде жүргізілетіні жазылған. Үйінділер жыл бойы екі ауысымда ашық әдіспен қазылмақ. 2024-2043 жылдар аралығында жыл сайын 300 мың тонна игерілуі тиіс.

Кендегі мыстың мөлшері: 2024 жылы – 600 тонна, 2025 жылы – 710 тонна, 2026 жылы – 1440 тонна, 2027-2042 жылы 1440 тонна және 2043 жылы 1230 тонна алынбақ. Үйіндіден мырыш көбірек шығуы мүмкін: 2024 жылы – 6,74 мың тонна, 2025 жылы – 6,81 мың тонна, 2026 жылы – 13,86 мың тонна, 2027-2042 жылдары 13,86 мың тонна және 2043 жылы 11,83 мың тонна өндірілмек.

Бұл ретте компания KAZRC стандарттары бойынша кен қорын есептеу үшін металлургиялық шлактардағы металл құрамын нақтылауды жоспарлап отыр. Есептелген қорды нақтылау және өндірілген қорды есепке алу мақсатында тау-кен жұмыстары басталғанға дейін алдын ала барлау жүргізілмек.

East Minerals Resources компаниясының иесі – «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген Liberty Qazaq Ltd. компаниясы және Карадениз Фатих. Сондай-ақ Карадениз Фатих – Liberty Qazaq Ltd компаниясының жалғыз акционері.

Сондай-ақ оқыңыз