Ұшақ апаты салдарынан ауруханаға 66 адам жеткізілген

Жарияланды
Қайтыс болғандардың саны 15-ке жетті

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қаза тапқандардың саны 15-ке жеткен (бұған дейін 14 адамның қайтыс болған хабарланған еді).
Ауруханаға 66 адам жеткізілген. Олардың алтауының жағдайы өте ауыр. 

Зардап шеккендердің арасында 8 бала бар, бәрі есін біледі, алған жарақаттары өмірлеріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. 

Еске сала кетейік, 27 желтоқсан күні таңертең  Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады.  Таңғы 07:22 кезінде № Z2100 рейсті ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты үймен соқтығысқан.  Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз