nedvijimost-v-krizis.png

479 просмотров

Үлбі металлургиялық зауытына қарасты нысан жұмысшылары ауруханаға түсіп қалды

Олардың басы айналып, жүрегі айныған

"Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ нысанында 2-қараша күні 12 қызметкер жедел жәрдем дәрігерлеріне  жүректері айнып,  басы айналғанына шағымданып, 11-і ауруханаға жатқызылған. "ҮМЗ" АҚ баспасөз қызметі жұмысшылардың дәрігерлер кғөмегіне жүгінгенін растады.


 «Өскемен шаруашылық басқармасы" ЖШС мердігер ұйымының қызметкерлері ауруханаға жатқызылды. 11 адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында, біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Қазіргі кезде екі-үш күннен кейін дайын болатын талдау нәтижелерін күтіп отырмыз. Мамандардың алдын-ала жасаған қорытындысы бойынша, барлық жұмысшылардың жағдайы қанағаттанарлық», – деп хабарлады «ҮМЗ» АҚ. 

Сондай-ақ, кәсіпорын  өкілдері "Өскемен шаруашылық басқармасы" ЖШС-ның денсаулығы нашарлаған жұмысшылары "ҮМЗ"АҚ аумағынан тыс жерде жұмыс істегенін атап өтті.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желілерде кәсіпорында апат болды деген ақпарат тараған еді. 

"Кәсіпорын мамандары оқиға орнындағы ауадан зертханалық сынама алды. Белгіленген нормадан ауытқу байқалмады. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмысының технологиялық процестерінде ауытқулар болған жоқ. Кәсіпорынның барлық бөлімшелері, соның ішінде, қалдық шаруашылығы штаттық режимде жұмыс істейді", – деп, "ҮМЗ"АҚ-дағы жағдайға түсініктеме берді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі де кәсіпорындағы жағдай туралы өтініш тіркелмегенін хабарлады. 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif