Ресейлік «Адмирал Кузнецов» крейсері өртке оранды

Жарияланды
Өрт салдарынан, зардап шеккендер бар

Ресей Федерациясының авиатасымалдаушысы «Адмирал Кузнецов» крейсерінде  өрт орын алды, деп хабарлайды ТАСС.

Өрт кеме Северомскіде жөндеуде тұрғанда басталды. Соңғы мәліметтер бойынша 12 адам зардап шегіп, олардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жедел қызметтердің деректері бойынша, өрт жөндеу жұмыстары кезінде бірінші энергоотсекте шыққан.

Өрт шыққан сәтте кемеде 400 жұмыскер болған – олардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт оқшауланды, бірақ от әлі сөндірілген жоқ. Осы орайда, крейсердің Сириядан оралған соң, жөндеуге қойылғаны атап өтілуде – 2017 жылы ол содырларға зымырандық соққылар берген-ді.

«Адмирал Кузнецов» – авиатасымалдашы крейсер, оған 60 ұшу аппараттарын, оның ішінде, 30 ұшақ орналастыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыз