Ресейлік «Адмирал Кузнецов» крейсері өртке оранды

Өрт салдарынан, зардап шеккендер бар

Фото: Лев Федосеев/ТАСС

Ресей Федерациясының авиатасымалдаушысы «Адмирал Кузнецов» крейсерінде  өрт орын алды, деп хабарлайды ТАСС.

Өрт кеме Северомскіде жөндеуде тұрғанда басталды. Соңғы мәліметтер бойынша 12 адам зардап шегіп, олардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жедел қызметтердің деректері бойынша, өрт жөндеу жұмыстары кезінде бірінші энергоотсекте шыққан.

Өрт шыққан сәтте кемеде 400 жұмыскер болған – олардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт оқшауланды, бірақ от әлі сөндірілген жоқ. Осы орайда, крейсердің Сириядан оралған соң, жөндеуге қойылғаны атап өтілуде - 2017 жылы ол содырларға зымырандық соққылар берген-ді.

«Адмирал Кузнецов» - авиатасымалдашы крейсер, оған 60 ұшу аппараттарын, оның ішінде, 30 ұшақ орналастыруға болады.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg