Петропавлда сағаттар салынған қораптардың құлауы салдарынан Сауда үйі көшірілді

Жарияланды
Оқиға орнына жедел қызметтер барды

Петропавлда «Рахмет» Сауда үйі көшірілді, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Сауда бутиктерінің бірінде қораптар құлап, ол жерден сағаттың тықылдаған дыбысы естіле бастаған. Оқиға куәгері Сауда үйінің әкімшілігіне өз күдігін жеткізген. Ал әкімшілік, өз кезегінде, жедел қызметтерді шақыртқан. 

Сауда үйінің қызметкерлері мен дүкенге келушілер қауіпсіз жерге көшірілді. Сөйтсе, құлаған қораптардың ішінде сағаттар болған екен, құлау салдарынан, олар бір мезетте тықылдай бастап, келушілердің күдігін тудырыпты.
 

Сондай-ақ оқыңыз