nedvijimost-v-krizis.png

418 просмотров

Тоқаев Сума Чакрабартиді қабылдады

Олар коронавирустың әлемдік экономикаға тигізетін теріс ықпалын талқылады

Фото: www.akorda.kz

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сума Чакрабарти Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен ынтымақтастығының алдағы перспективаларын, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқыланды.

Тараптар коронавирус індетінің теріс әсері жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуы туралы пікір алмасты.

Сума Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, осы аралықта елімізде атқарылған саяси және экономикалық реформаларға, әсіресе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына жоғары баға берді.

"Лондондағы бас офисіміздегі команда мен Қазақстандағы өкілдіктің пікірінше, Сіздің біліміңіз бен халықаралық қатынастардағы мол тәжірибеңіз еліңіздің дамуына елеулі үлес қосады. Біз Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдаймыз, Президент ретінде бір жылда атқарған табысты жұмыстарыңызға ризашылық білдіреміз", – деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif