Тоқаев Бішкек әуежайында Жиэнбековпен кездесті

Жарияланды (жаңартылды )
Мемлекет басшысы Қырғызстанға келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді. Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында оны президент Сооронбай Жиэнбеков қарсы алды. Бұл турасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтып берді.

«Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер және бір қатар екі тараптық құжаттарға қол қою жоспарланған. Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі елдің көшбасшылары баспасөзге арналған мәлімдеме жасайды», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен бірге «Ата-Бейіт» Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне және Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады.

«Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Кеңесінің сессиясына қатысады», – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын, дүйсенбі, 25-қарашада Бішкекте парламент ғимаратының алдында сыбайлас жемқорлыққа ақрсы митингтің өткені хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз