Боливияда билік ауысты

Опубликовано
Елді Сенат төрағасының екінші орынбасары басқарып отыр

Боливиядағы билік өкілеттігі Сенат төрағасының екінші орынбасары Жанин Аньеске өтті. Оның құзіретіне президент пен вице-президенттің, сондай-ақ парламенттің қос палатасы төрағаларының  отставкасы ресми қабылданатын Парламенттің кезектен тыс сессиясын өткізу кіреді, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.

Одан бөлек, Сенат төрағасының орынбасары президент және парламент сайлауын өткізетін уақытты анықтап, бекітуі керек.

«Бұл – өз мойыныма алуға тура келіп тұрған міндет»,– деді Аньес телеарналарға берген сұхбатында. 

Боливия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Эво Моралес және вице-президент Альваро Гарсия-Линерамен бірге, парламенттің қос палатасының төрағалары да отставкаға кеткен.

Жексенбі күні Моралестің көптеген жақтастары: атап айтсақ, жоспарлау ісі жөніндегі министр, азаматтық қауіпсіздік министрінің орынбасары, Қаржы министрінің орынбасары және басқалары өз қызметінен кететіндерін мәлімдеді. 
 
Сонымен қатар, Боливияның бірқатар қалаларының губернаторлары да қызметтерінен кетті. Отставкаға кетіп жатқан шенеуніктердің қатары көбейіп келеді, ал Боливия қалаларындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету полицияның элиталы бөлімдеріне жүктелген.

Читайте также