Украина Еуропадағы ең кедей мемлекеті ретінде танылды

Опубликовано
Ең дәулетті мемлекет - Лихтенштейн

Еуропа елдері арасында халықтың сатып алу қабілеті бойынша жасалған рейтингте Украина ең соңғы орынға жайғасыпты. Аталмыш зерттеу Growth from Knowledge ұйымының сайтында жарияланған.

Украинада сатып алу қабілеті жан басына шаққанда 1 830 еуроны құрайды екен. Ал Еуропадағы орташа көрсеткіш 2019 жылы бір адамға 14 739 еуро екен.

Рейтинг көшбасшысы — Лихтенштейн, бұл ел халқының сатып алу қабілеті жан басына шаққанда 67 550 еуродан айналады екен. Екінші орын Швейцарияға бұйырыпты – мұндағы сатып алу қабілеті адам басына шаққанда 42 067 еуроны құрапты.Үшінші орында Люксембург – бұл елдегі көрсеткіш адам басына 35 096 еуродан айналыпты.

Ал кестенің тұңғиығына Украина, Молдавия и Косово… жайғасыпты.

Читайте также