Қазақстан премьері алғаш рет Нидерландыға сапармен барады

Жарияланды
Асқар Мамин Нидерландының премьер -министрі Марк Рюттемен кездесетін болады

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған Интерфакс-Қазақстан.

«30-қазанда Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Нидерланды Корольдігіне ресми сапар шегеді. Бұл екі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері Қазақстан үкіметі басшысы тарапынан жасалып отырған алғашқы сапар болмақ. Оның барысында Нидерландының премьер-министрі Марк Рюттемен кездесу болады», – деді Смадияров дүйсенбіде Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте.

Ол келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық әріптестік мәселелерін талқылайды деп нақтылады.  

Сонымен қатар, Мамин қазақстандық-голландтық бизнес-форумға қатысып, бір қатар компаниялармен келіссөздер жүргізеді және инновациялық нысандарға барады, деп атап өтті Смадияров.

Сондай-ақ оқыңыз