Зейнетақы қорындағы қаржы қайда инвестицияланды

Опубликовано
Қазақстандықтар зейнетақыға қанша қаржы жинақтаған

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 798,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз-қызметі. 

Ақша қаражаты және теңгеге салынған қаржы құралдары 7 201,0 млрд теңгені немесе 66,7%-ды, шетел валютасына салынған қаржы құралдары 3 597,3 млрд теңгені немесе 33,3%-ды құраған. 

Қор қаржысының инвестициялары

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес, инвестициялық портфельдің сақталуы мен оның кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған әртараптандыру мақсатында, зейнетақы активтері валюта, мемлекет, түрлі  сектор және эмитенттер бойынша әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.

Зейнетақы қорындағы қаржы қайда инвестицияланған

2019 жылғы желтоқсанда теңгемен салынған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 91,5 млрд теңгені (ақша нарығының құралдарына инвестицияларды есептемегенде 1 ) құраған, оның ішінде: 

–14,9 млрд теңге ҚР Қаржы министрлігінің жылдық 9,3% орташа алынған кірістілігі бар мемлекеттік бағалы қағаздары;

— ҚР ЕДБ және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы 600 млрд теңге сомаға басым жобаларды кредиттеу тетігі («қарапайым заттар экономикасы») шеңберінде 8,6 млрд теңгеге «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ның жылдық 10,75% кірістілігі бар облигациялары; 

— 58,0 млрд теңгеге Еуропа қайта құру және даму банкінің инфляцияға және жылдық 1,5% мөлшеріндегі сыйақыға тең кірістілікпен облигациялары;

 —  жалпы сомасы 10,0 млрд теңгеге «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның жылдық 11,0% кірістілігі бар облигациялары сатып алынған.

Сонымен қатар, теңгелей бос  қаражат ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте аталған инвестиция инвестициялаудың стратегиялық мақсаты емес және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады. 

Теңгемен өтеу

2019 жылдың желтоқсанында эмиссия проспектісінде белгіленген мерзімге сәйкес:

 — «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның облигациялары бойынша 15,0 млрд теңге;

 — «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның облигациялары бойынша 10,5 млрд теңге; 

— «Еуразиялық Банк» АҚ-ның облигациялары бойынша 9,9 млрд теңге көлемінде негізгі борыш өтелді.

Банктік салым шартында белгіленген талаптарға сәйкес, ҚР ЕДБ салымдары бойынша жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын негізгі борыш өтелді.

Шетел валютасындағы инвестициялар

БЖЗҚ-ның шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

2019 жылдың желтоқсанында шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 23,2 млрд теңгені құраған.

Есептік кезеңде мынадай қаржы құралдары сатып алынды:

— жалпы сомасы 20,9 млрд теңгеге, орташа жылдық кірістілігі 3,0%-ды құрайтын Ресей Федерациясының  мемлекетік бағалы қағаздары; 

— 2,3 млрд теңгеге жылдық кірістілігі 2,1%  болатын Филиппин Республикасының МБҚ сатып алынған.

Былтыр желтоқсан айында  жалпы көлемі 130,1 млрд теңгеге АҚШ, Бразилия, Индонезия және Мексиканың мемлекеттік бағалы қағаздары сатылды, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілерінде белгіленген мерзімге сәйкес, жалпы сомасы 114,1 млрд теңгеге АҚШ МҚБ бойынша негізгі борыш өтелді.

Нәтиже

2019 жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс көлемі 699,8 млрд теңгені құрады.

2019 жылы инфляция мөлшері 5,4% болса, ал салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,57%-ға жетті. Осылайша, 2019 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 1,17%-ды құрады. 

Читайте также