Қазақстандықтардың қайсысы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады

Опубликовано (обновлено )
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегілер талқылаулардың алдын ала нәтижелерін жариялады

Қазіргі таңда Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясының негізінде зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты мәселе қарастырылуда, оның ішінде, статистика зерделенуде. Бұл турасында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшысы Ләззәт Ибрагимова хабарлады. 

«Өкінішке қарай, статистика, қазіргі таңда талқыланып жатқан тетікті, алымшылардың жинақтардың жеткілікті мөлшеріне ие, аз ғана бөлігі пайдалана алатын сыңайлы екенін көрсетіп отыр», — дейді ол.

Мұндай қорытындыны ол келесі есептеулермен түсіндірді: республика бюджетінен төленетін әлеуметтік зейнетақы көлемі жыл сайын өсіп отырады. Өзіңе қажетті алмастыру коэффициентін қамтамасыз ету үшін, жинақ көлемі, еңбектің халықаралық ұйымының ұсынысына сәйкес, 0,7%-ды құрауы тиіс.

«Яғни, сіз зейнеткерлікке шығарда сіздің зейнетақыңыз еңбекақыңыздың 70% құрау тиіс. Статистика зейнетақы жинақтарының мұндай көлеміне салымшылардың аз ғана бөлігі қол жеткізгенін көрсетіп отыр», — деген ол, сөзін одан сайын нақтылай түсті: «Осы мәселені жақсылап пысықту үшін, қосымша есептеулер жасалынатын болады. Өйткені бұл келешектің мәселесі. Әрине, біз қазір жинақтарды пайдалану туралы шешім қабылдай аламыз, бірақ 15-20 жылдан кейін, қайтадан ақша сұрап, бюджетке алақанымызды жаятын боламыз. Сондықтан ақылға қонымды шешім қабылдау қажет. Менің ойымша, жылдың соңына қарай (осы мәселе бойынша шешім – курсив) қабылданады».

Естеріңізге салсақ, Қазақстан халқына өзінің алғашқы Жолдауын жолдай отырып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ағымдағы жылдың соңына дейін зейнеткерліік шыққанға дейін зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.

Читайте также