БЖЗҚ қазақстандықтар үшін комиссияны төмендетті

Опубликовано
Өзгерістер келесі жылдан бастап күшіне енеді

Бітыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвест табысынан алынатын салықты Ұлттық банк 2020 жылғы 1-қаңтардан 2% деңгейінде белгіледі. Бұл турасында «Курсивке» берген сұқбатында БЖЗҚ басшысы Жанат Құрманов айтты.
 
ҚР Ұлттық банктің қаулысымен акционерлік қоғамның комиссиялық сыйақысының келесі өлшемдері белгіленді: инвестициялық табыс сомасының 2% және бір айдағы зейнетақы активінің 0,011%. 

«Комиссиялық сыйақыны қысқарту қордың бизнес-процестерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, қызметтің барлық түрлерін электрондық форматқа көшіру, жүзеге асрылыған операциялардың көлеміндегі үлесті ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруы арқасында мүмкін болды», — деп атап өтті қор басшысы.

Спикер бұл 2013 жылдан кейінгі алғашқы қысқарту емес екендігін, «бүгінгі күнге дейін комиссиялар, шамамен, 30-40%-ға қысқартылғанын» атап өтті. 

«Сонымен қатар, комиссиялардың қысқаруына БЖЗҚ-ның тұрақты табыс көрсетіп отырған меншік капиталы бар екендігі әсер етті. Айтпақшы, біздің капиталды ҰБ басқарады», — деп еске салды БЖЗҚ басқарамасының төрағасы.

Бұдан бөлек, ол БЖЗҚ комиссияларының қысқаруы келесі жылдарға да жоспарланып қойғанын атап өтті. «Алдағы бес-алты жылда комиссиялық сыйақы тағы екі есе қысқарады», — деп сендірді спикер. 

Зейнетақы жинақтарын басқаруға реформа жасалғаннан кейін, комиссиялық сыйақыны зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың салымшыларынан активтерді басқаратын компаниялардың өздері алатын болады. 

Естеріңізге салсақ, 2019 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10,4 трлн теңгені құрады. Теңгемен номинацияланған ақша мен қаржы құралдары 6,8 трлн теңге немес 65,7%-дв құрады, шетелдік валютадағысы – 3,5 трлн теңгені немесе 34,3%-ды құрады.

Читайте также