Перейти к основному содержанию

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

Лауазым Алмас Айдаровтың еншісіне тиді

Фото: Shutterstock

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алмас Айдаровты Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындады. Бұл турасында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген таратылған хабарламада.

Осы тағайындауға дейін Алмас Айдаров Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымында болған-ды.

Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келді. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша, 2009 жылы Президенттік басқару академиясын бітірді.

Еңбек өтілі:

  •  "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМҚК-нің ішкі аудит жөніндегі маманы, инвестициялық инженері (2004-2006);
  • ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы (2006);
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы, ҚР Президенті Протоколының сарапшысы (ҚР Президенті Әкімшілігі, 2006-2012 жж.);
  • "OKHK Engineering" ЖШС ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы) басқарушы директоры (2012-2014 жж.);
  • "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ басқарушы директоры  Басқарма мүшесі (2014-2017 жж.);
  •  Қарағанды облысы әкімінің Өнеркәсіп, ШОБ-ты дамыту, индустрияландыру және инвестиция мәселелері жөніндегі орынбасары (2017 жылғы 28 маусымнан бастап).

banner_wsj.gif

2342 просмотра

Нурлан Ногаев стал новым министром энергетики

Он освобожден от должности акима Атырауской области

Фото из открытых источников

Нурлан Ногаев назначен новым министром энергетики РК, сообщает пресс-служба Аккорды.

«Назначить Ногаева Нурлана Аскаровича министром энергетики Республики Казахстан, освободив от должности акима Атырауской области», – говорится в указе Касым-Жомарта Токаева.

Напомним, сегодня стало известно, что занимавший с 2016 года пост главы минэнерго Канат Бозумбаев освобожден от должности по состоянию здоровья. Он стал помощником президента.

Нурлан Ногаев родился 30 июля 1967 года в Актюбинской области. 

Трудовой стаж:

- электромонтер станции Кандагач (1984);

- старший эксперт, начальник отдела, генеральный директор ТОО «Гили-Паскер» (1993-1995);

- заместитель генерального директора МП «Отрар Лтд» (1995-1996);

- инженер по маркетингу, начальник отдела маркетинга, продаж нефти и нефтепродуктов, генеральный директор ТОО «Казахтуркмунай» (1996-2006);

- исполнительный директор АО «НК «КазМунайГаз» (02.2006-08.2006);

- директор департамента нефтяной промышленности МЭМР Республики Казахстан (08.2006-09.2007);

- заместитель акима Западно-Казахстанской области (09.2007-04.2010);

- первый заместитель акима Западно-Казахстанской области (04.2010-01.2012);

- аким Западно-Казахстанской области (20.01.2012-26.03.2016);

- аким Атырауской области (26.03.2016, полномочия продлены с 17.06.2019.

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif