Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды

Жарияланды
Бұл қызметке Рустам Жүрсінов келді

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды

Рустам Манарбекұлы Жүрсінов 1976 жылдың 16 ақпанында Өскемен қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін (заңгер), 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист), 2013 жылы – «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебін (Executive MBA) тәмамдаған.
 

Сондай-ақ оқыңыз