Атырау әкімі лауазымын босатты

Опубликовано (обновлено )
Қала әкімі міндеттерін уақытша Ринат Жанғылышов атқарады

Өзінің Атырау қаласы әкімі лаузымынан кететіні туралы Әлимұхаммед Құттымұратұлы 14-қаңтарда қала әкімдігінің конференц-залында жариялады. Айтуынша, өзінің өкілеттігін ол өз еркімен тоқтатып отыр. 

Ол 2012 жылдан Атырау облысында түрлі басшы лауазымдарда қызмет етіп келді, оның ішінде, Махамбет және Жылыой аудандарының әкімі болды.

Әлимұхаммед Құттымұратұлы Атырау әкімдігін 2018 жылғы маусымнан басқарып келген-ді. 

Құттымұратұлының өкілеттігін өз еркімен тоқтатуына байланысты Атырау әкімі міндеттерін уақытша атқару қала әкімінің орынбасары Ринат Жанғылышовқа жүктелді. Қала әкімі орынбасары лауазымына Жанғылышов 2019 жылғы қарашада тағайындалған болатын. Оның алдында 2018 жылғы қазаннан ол қалалық мәслихаттың хатшысы болған-ды.

Естеріңізге салсақ, 18-желтоқсанда Атырау облысының әкімі өзгерген болатын. Аймақ басшылығына бұрын ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары болған Махамбет Досмухамбетов келді. Атырау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР энергетика министрі лауазымына тағайындалды.

Читайте также