Жанармайдың қамбаттауы азық-түлік бағасына әсер ете ме?

Жарияланды
Бұл сұраққа қаржы министрі жауап берді

Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысының кулуарында азық-түлік бағасының өзгеруіне қатысты пікір білдірді. 

«Бензин бағасы литріне 10 теңгеге өседі, бұл шашамен – 6 пайыз. Сондықтан ол инфляция деңгейіне елеулі әсер ете қоймас. Баға мәселесі үнемі біздің назарымызда. Бағаны ұстап тұруға, әсіресе,  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттамас үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Сондықтан бұл мәселені біз үнемі назарда ұстаймыз»,– деді Әлихан Смайылов. 
 

Инфляциялық себетке 500-ден аса тауар мен қызмет түрлері кіреді, жанармайдың қымбаттауы олардың бағасына аса әсер етпеуі керек. 

«Өзім дүкенге жиі барамын, апта сайын азық-түлік аламын. Бағаның қалай өзгеріп жатқанын өз көзіммен көріп жүрмін. Қараша айының қорытындысы бойынша, инфляция 5,4 пайызды құрады. Кейбір тауарлардың бағасы қымбаттағанымен, кейбірі арзандады, біраз тауарлардікі тұрақты болып тұр. Бұл жағдай инфляцияны белгіленген межеде ұстап тұруға мүмкіндік береді», – деп қосып өтті  министр. 
 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі жанармай бағасы қымбаттайтынын мәлімдеген еді. 
•    

Сондай-ақ оқыңыз