Тасмағамбетов зейнетке шықты

Опубликовано
9-желтоқсанда ол 63 жасқа толды

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Акорда.

Мұндай шешімді саясаткер зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қабылдапты. Атап айтсақ, 9-желтоқсанда Тасмағамбетов 63 жасқа толды.

Әр жылдарда ол ҚР президентінің көмекшісі, премьер-министрдің орынбасары, Атырау облысының әкімі, премьер-министр, мемлекетік хатшы, Президент әкімшілігінің басшысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімі лауазымдарында болды. Сондай-ақ ол қорғаныс министрлігін де басқарды.

2017 жылғы 3-ақпанда ол ҚР-дың РФ-дағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған-ды.

Читайте также