nedvijimost-v-krizis.png

Қазақстанның ғылым және білім вице-министрі лауазымынан алынды

Фатима Жақыпова қызметінен кетті

Фото: Kursiv.kz

Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«ҚР үкіметінің қаулысымен Жақыпова Фатима Надырқызы берілген өтінішіне сәйкес, Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымынан босатылды», – делінген Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Бұдан бұрын сенат депутаты Еділ Мамытбеков Фатима Жақыпованың қатысы бар плагиат-жанжалды бұрын-соңды болмаған сұмдық деп, атап, премьер-министр Асқар Маминге оны қызметінен босату туралы өтініш білдірген-ді. 

«Отандық БАҚ бір айдан бері қазақстандық білім және ғылым вице-министрінің тарапынан орын алған плагиатты талқылауда, енді оған, тіпті, шетелдік тұлғалар мен ұйымдар қосылды. Қазір, бөтен біреудің ғылыми жұмыстарын пайдалану фактісі плагиатқа қарсы күрес жүргізетін әлемдегі екі танымал жүйе тарапынан расталған кезде, ведомство қарамағындағы Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізудің ұлттық орталығын пайдаланып, мұны жоққа шы,ару, қазақстандық қоғамды адастыру мемлекеттік қызметшінің кодексін арсыз аяққа таптау болып табылады», – деген еді депутат.

Естеріңізге салсақ, Фатима Жақыповаға қатысты жанжал үстіміздегі жылғы қыркүйектің ортасында басталған еді. Сол кезде министрлік қызметкерлерінің бірі оның докторлық жұмысының жартысынан астамы бөтен ғылыми жұмыстардан көшіріліп алынған, деп мәлімдеген болатын.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif