Қоқыс полигондарында 500 мың тоннаға жуық пластик жатыр

Опубликовано
редактор отдела «потребительский рынок»
2018 жылы кәдеге жаратылған қайталама шикізаттың үлесі 5 пайыздан аспаған

Нұр-Сұлтандағы қалдықтарды бөлек жинау жүйесін жетілдіру тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығының жобалар жөніндегі менеджері Юлия Душкина пластикті қайта өңдеудің түйткілдері  туралы айтып берді. 

«Бұл саладағы басты мәселелерді атап өткім келеді. Біріншіден, пластик қалдықтары мәселесін реттейтін заң солқақ. Пластик қалдықтарды дұрыс пайдаланбауға қатысты  нақты норма, талаптар мен жаза жоқ. Екіншіден, қалдықтарды сұрыптау мен тасымалдау жүйесі қалыптаспаған.

Қазақстан территориясының үлкендігі де жағдайды ушықтырып тұр. Үшіншіден, қалдық жинаушылар мен қайта өңдеушілер арасында тығыз байланыс орнамаған. Төртіншіден, жергілікті жерлердегі өкілетті органдар, әкімдіктер мен бизнес арасында пластик қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәселелері бойынша өзара  бірлесіп іс атқару  деңгейі төмен. Бесінші – осы мәселеге халықтың бей-жай қарап, қызығушылық танытпауы», – дейді спикер. 

Маман келтірген деректерге сүйенсек, 2018 жылы қоқыс полигодарында жатқан пластик қалдықтың көлемі 481,6 мың тонна болса, оның бар-жоғы 8994 тоннасы, яғни 3 пайызы қайта өңделген. 

«Қазақстанда пластик қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіруге талпыныс бар. Осы бағытта бірқатар шаруалар қолға алынып жатыр. Қоқыс полигондарына пластик қалдықтарды көмуге заңмен тыйым салынған. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қазір тегін таратылатын пластикалық пакеттерді  кезең-кезеңімен ақылы ету жұмыстарын қолға алған. Ақырындап инфрақұрылымда дамып келеді», – деді жоба менеджері. 

Алайда спикердің пайымдауынша, пластик қалдықтарды кәдеге жарату бағытындағы түйкілдерді  ескерсек, атқарылып жатқан шаруалар әлі де аздық етеді.

Читайте также