Тоқаев Алматыдағы көлікті және ЖЭО-2-ні газдандыру туралы мәлімдеді

Жарияланды
Сондай-ақ ол алма бақтары туралы да айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы айтып берді

«Алматыдағы ауаның сапасын жақсарту үшін ЖЭО-2-ні газға ауыстырып, көліктерді газ жүйесіне көшіру қажет. Іле Алатауы бөктеріндегі алма бақтарының сақталуын ерекше назарға алу маңызды. Бұл – Алматының және бүкіл еліміздің игілігі!», – ндеп жазды Твиттерде ҚР басшысы.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы бірнеше рет айтылған болатын. Оның ішінде, энергетика министрлігі газдандыру мәселесіне басты назар аударған болатын.
 

Сондай-ақ оқыңыз