nedvijimost-v-krizis.png

269 просмотров

Айлығы 300 мыңнан аспайтындар 7 пайыз табыс салығын төлеуі мүмкін

Президент жеке табыс салығы үдемелі өлшемін енгізудің мәнін түсіндірді

Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Үкіметке берген жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді, деп жазады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

11 мамыр күні төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Қ.Тоқаев үкіметке жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырма берген еді.

Қазақстан Президентінің пікірінше, бұл жаңалықтың мақсаты  - әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету. Мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс деп санайды.

"Яғни, қазіргі 10 пайыздық мөлшерлемеден төмен болады. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақталады.", -деді Тоқаев. 

Президент жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс деген пікірде. Мөлшерлеме көлемін Үкіметтің комиссиясы анықтайды.

"Бұл ретте Мемлекет басшысы жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді",- деп жазады Берік Уәли.

 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif