Перейти к основному содержанию
1094 просмотра

В аэропорту Алматы опровергли факт кражи гуманитарной помощи для Польши

В воздушной гавани отметили, что несанкционированная выгрузка груза даже теоритически невозможна

Фото: Shutterstock.com

В Международном аэропорту Алматы прокомментировали ранее опубликованную в соцсетях информацию о краже гуманитарной помощи для Польши. В воздушной гавани рассказали, что «информация является фейковой и абсолютно не соответствующей действительности».

Как сообщает пресс-служба аэропорта, в период с 12 по 14 апреля самолет АН-225 «Мрия» действительно совершал посадку в аэропорту Алматы для дозаправки – по пути из Украины в Китай и по пути из Китая в Польшу.

«Оба раза производилось открытие носовой части в/с для выгрузки с борта технического средства «водило», предназначенного для отбуксировки лайнера на стоянку. Несанкционированная выгрузка груза во время транзитной стоянки в Международном аэропорту Алматы даже теоретически невозможна: во время открытия носовой части рядом с бортом присутствовали, помимо сотрудников различных технических служб аэропорта, члены экипажа, командир которого несет персональную ответственность за сохранность груза, представители Пограничной и таможенной служб РК», – говорится в сообщении.

В аэропорту добавили, что все стоянки на перроне Международного аэропорта Алматы находятся под непрерывным круглосуточным видеонаблюдением, видеозаписи сохраняются в течение месяца.

«Данные о тоннаже груза в польских СМИ изначально преподносились в искаженном виде: со ссылкой на Министерство государственных активов Польши борт должен был доставить 400 тонн гуманитарного груза, при том, что максимальная грузоподъемность АН-255 – 250 тонн. Неизвестный автор изначальной публикации, задавшись вопросом «Если должны были доставить 250 тонн, а доставили лишь 96 тонн, то где остальные 154 тонны?», не учел то, что в Польшу были доставлены в основном медицинские средства индивидуальной защиты – маски, комбинезоны и т.д., то есть груз, который занимает большой объем, но имеет меньший вес», – резюмировали в воздушной гавани.

Ранее сообщалось, что в аэропорт Алматы прибыла первая партия гуманитарной помощи от Китая. Гуманитарная помощь включает в себя тепловизоры, набор тестов, одноразовые медицинские бахилы, перчатки, защитные очки и медицинскую одежду.

banner_wsj.gif

42 500 теңге төлем алуға кімдер қайтадан өтініш бере алады?

Министрлік өтінішті қайта қарау жайын түсіндірді

Фото:kursiv.kz

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланауына байланысты табысынан айырылған азаматтарға екі ай 42500 теңге әлеуметтік төлем төлегені белгілі. Бұл төлемге 8 миллионнан аса тұрғын өтініш білдіріп, 3 миллионнан аса адамның өтініші қанағаттандырылмаған. Енді 42 500 теңге тағайындалмағанына келіспейтін азаматтар қайта қарауға өтініш бере алады. Осы ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау қағидаларына азаматтардың өтінішін қарау алгоритмін реттейтін түзетулер енгізенген. Бүгін ОКҚ өткен  брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов  42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді тағайындау жайын қорытындылады. Сонымен қатар, ол төлем тағайындалмаған өтініштерді қайта қарастыру мәселесіне тоқталып, шектеу шаралары жағдайында еңбек ету тұрғысынан  заңнама баптарын түсіндіріп берді.

 

"Біз өтініш беру үдерісін барынша жеңілдеттік. Ол үшін әртүрлі техникалық шешімдер іске асырылды: 42500.enbek.kz веб-порталы; «Электрондық үкіметтің» веб-порталы; 18 Telegram-бот; ұялы телефон нөмірі тіркелсе, өтінім берусіз (проактивті). Банктердегі ұзын-сонар кезектің пайда болу қаупін азайту мақсатында, банк деректемелерінсіз өтініш беру мүмкіндігі қарастырылды, есепшоттарды онлайн ашу бойынша шаралар қабылданды. Бұл шаралардың барлығы өтініштерді беру және қарау үдерісін тездетуге мүмкіндік берді. Барлығы 8 миллион адам өтініш берді, оның 4,6 миллионына тағайындалды. Төтенше жағдайдың тоқтатылуына байланысты 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды", - деді Ақмәди Сарбасов.

Оның айтуынша, бірінші рет 194,2 млрд теңге сомасындағы 4,6 млн төлем тағайындалды, екінші айда 2,9 миллион адамға 122,2 млрд теңге төленді.

«Біз бұған дейін де айтқанымыздай тағы бір еске салғым келеді, жалдамалы қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақы тағайындаудың басты шарты - бұл ақысыз демалыста болу және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі, басқа санаттар үшін - Төтенше жағдай кезінде толық кірістен айырылу және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі болды. Ал АҚС шарттары бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы жарналарының болуы сұралды», - деді вице-министр.

Еңбекмині және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш берушілердің мәліметтерін тексеру кезінде жеке кәсіпкерлер мен қызметкерлердің жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін жағдайлар анықталған. Осыған байланысты оларға әлеуметтік төлемдер төлеуден бас тартылды.

Зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болмаған,  төтенше жағдай кезінде зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды түсіп тұрған,  жеке кәсіпкерлердің кірісті жоғалтқанын растамаған, бірнеше кіріс көзі бар, өтініште көрсетілген жұмыс беруші зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сәйкес келмеген адамдарға төлем тағайындалмаған.

Сонымен қатар, жұмыссыз "мәртебесі" бар жандардың, қайтыс болған адамдардың атынан жалған өтініш жолдағандардың, шетелге шығып кеткен адамдардың атынан, қамауда отырған адамдардың жіберілген, сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мемлекеттік сектордың, квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейлі банктердің және басқа кәсіпорындардың қызметкерлерінің, белсенді зейнетақы және жәрдемақы алушылардың өтініштері қанағаттандылымаған.

«Тағы да назарларыңызды аударғым келеді, Төтенше жағдайдың тоқтатылуына байланысты, 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды. Сонымен бірге, «42 500 теңге» төлемі тағайындалмаған жекелеген азаматтардың өтініштеріне байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай төлемдерді тағайындаудың іс-қимыл сызбасын әзірледі. Бұдан бұрын бас тарту туралы шешім қабылданған «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау өтініштерін қайта қарау үшін, аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беру керек», - деді Ақмәди Сарбасов.

Бұған дейін 42500 теңгеге берген өтініші қанағаттандырылмаған азаматтар аудандық (қалалық) штабқа табысынан айырылғанын растайтын құжаттармен бірге, қайта қарау туралы өтініш бере алады.

Өтінішті кім береді?

ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар  қызметкерлері үшін өтініш  жұмыс беруші тарапынан беріледі. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Сонымен қатар әлеуметтік төлемді тағайындаудан  бас тарту (тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар өтінішті өз атынан береді.

Қандай құжаттар қажет?

Қызметкерлері үшін құжат өткізетін жұмыс берушілер үшін:
- ақысыз демалысқа жіберу туралы бұйрық;
- жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);
- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).

ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:
- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);
- табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).

АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:
- заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.

«Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығының бары немесе жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне беріледі, ол «Өтініш берушінің электрондық іс макетін» қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттарымен аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы арқылы облыстық (қалалық) штабқа жүгінеді, содан кейін қайта қарау процедурасы қайталанады. Карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында, өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады», – деп түсіндіріп өтті вице-министр.

 

Ақмәди Сарбасов, сондай-ақ, карантиндік шаралар жағдайында жұмысын қайта бастауына рұқсат етілмеген жұмыс берушілердегі қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруға және олардың еңбегіне ақы төлеуге қатысты мәселелер туындағанын атап өтті. Осыған байланысты, ол, қолданыстағы еңбек заңнамасында өндірістік қызметке қатысты толыққанды шектеулер болған жағдайда, еңбек қатынастарын ресімдеудің бірнеше нұсқалары қарастырылғанын атап өтті.

Бірінші, қашықтықтан жұмыс істеу тәртібі (Еңбек кодексінің 138-бабы). Қашықтағы жұмыс шарттары еңбек шартына қосымша келісімдерде белгіленеді, ал жұмыс беруші қызметкерді қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керек.

Екінші: толық емес жұмыс күні. Жұмыс беруші толық емес жұмыс күнін (күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту, толық емес жұмыс аптасы не осы екі нұсқа да) белгілеуге құқылы.

Үшіншісі: ақысы төленбейтін демалыс. Оған қызметкердің бастамасы бойынша және жұмыс берушінің келісімімен ғана рұқсат етіледі (некені тіркеу, баланың тууы, жақын туыстарының қайтыс болуы жағдайында жұмыс берушінің келісімі талап етілмейді).

Төртінші: жұмыс беруші мен қызметкердің бақылауына жатпайтын жағдайларға байланысты тоқтап тұруды ресімдеу (Еңбек кодексінің 112-бабы). Тоқтап тұру 1 ең төменгі жалақыдан (42 500) кем болмайтын мөлшерде төленуі керек. Тоқтап тұру барлық ұйымдарға сай келмейтінін атап өткен жөн – тоқтап қалу себептері ұйымның жұмыс істеуін жалғастыруының мүмкін болмауына негізделуге тиіс (мысалы, егер Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысымен осы ұйымның қызметіне толық немесе ішінара тыйым салынған жағдайда).

«Біз шектеулердің бар екенін түсінеміз, бизнес толық көлемде өндірістік қызметін жүзеге асыра алмауда. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық адал жұмыс берушілерге белсенді азаматтық ұстанымы, қызметкерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі мен жұмыс орындарын сақтап отырған үшін алғыс айтқым келеді», – деп түйіндеді Ақмәди Сарбасов.

 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png