Перейти к основному содержанию
6167 просмотров

Чуть менее половины казахстанцев попросили от государства 42 500 тенге

Получили выплату 3,7 млн человек

Фото: Аскар Ахметуллин

Более восьми миллионов человек обратились с заявлением на получение от государства социальной выплаты в 42 500 тенге. Об этом на круглом столе 21 апреля сообщил вице-министр труда и социальной защиты населения Акмади Сарбасов. 

По его словам, работа по приему заявлений продолжается. 

«Безусловно, мера, которая сегодня всеми обсуждается, это выплата 42 500 тенге. Это социальные выплаты. На сегодняшний день нами были приняты меры, включая полностью выстраивание системы. Уже в рамках информационной системы, которая была предложена нашим гражданам, более восьми миллионов человек обратились за выплатами, около 3,7 млн эти выплаты были назначены на сумму 150 млрд тенге», – сказал он.

По его словам, данная работа продолжается, и Минтруда, безусловно, видит «эффект» от принятых мер.

Вице-министр отметил, что в ходе данного процесса была упрощена процедура подачи заявлений, сокращены сроки рассмотрения заявлений. Также, по его словам, упрощена процедура открытия счетов в банках.

Ранее министр труда и социальной защиты населения Биржан Нурымбетов на своей странице в Facebook рассказал об ответственности при получении 42 500 тенге.

Нурымбетов подчеркнул, что привлечение граждан к ответственности – вне компетенции ведомства. «Была у нас государственная инспекция труда, но и ее в 2013 году передали акимам. Поэтому привлечь кого-то к ответственности, тем более к уголовной, мы не можем», – напомнил министр. 

banner_wsj.gif

27 просмотров

«Біз оларға сендік. Алайда олар алдап кетті». Алматыға күшейтілген карантин режимі қайта орнатыла ма?

20 сәуірден бастап қаладағы көптеген кәсіпорындар жұмысын бастап кетті

Фото: kursiv.kz


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «карантиндік режимнің сақталуын бақылау және экономиканы кезең-кезеңмен қалпына келтіру» тақырыбында онлайн брифинг өткізіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады. Ол тест тапсыру деңгейінің артқанын, карантин шараларының қалай атқарылып жатқанын және шаһар экономикасы жайлы айтты. Біз назарларыңызға әкім сөзінің маңызды бөліктерін топтап ұсынамыз. 

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі: 

КОРОНАВИРУС

5 сәуірден бастап медицина, құқық қорғау органдары, ұлттық гвардия, коммуналдық сала қызметкерлері және тыныс жолдарының созылмалы ауруына шалдыққандар мен респираторлық симптомы бар науқастарға жаппай тестілеу жасалған. Жалпы, қазірге дейін қала бойынша 149 866 тест тапсырылып, 2353 адамнан коронавирус анықталған. Қазір қаладағы лаборатория саны 2-ден 6-ға дейін жетті. Корейлік серіктестерімізбен бірге жұмыс атқарудамыз. Сондай-ақ жақында Болат Өтемұратов қоры жеке клиниканы пайдалануға бермек. Соның арқасында күніне 1000-ға жуық зерттеу жасай аламыз. Ол клиника екі апта көлемінде іске қосылуы тиіс. Қазір қалада күніне 2400 тест тапсырылып жатыр. Оның санын 4000-5000-ға жеткізу көзделіп отыр. Маска қолдағы вирустан адамды сақтайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам орта есеппен минутына 3-5 рет қолын бетіне тигізіп алады екен. Ал қолдағы вирус бетке тисе инфекцияны өрістетіп жібереді. Сондықтан маска тағу өте маңызды болып отыр. 

ЭКОНОМИКА

Төтенше жағдай режимі кезінде қала экономикасы 9,2 пайызға құлдырады. Біз 100 млрд теңге көлемінде қаржы жоғалтамыз деп жоспарлаған едік. Бірақ осы уақытта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша ақша алдық. Шағын бизнеске қазан айына дейін салық төлемеуге рұқсат берілді. Бұл да бюджетке салмақ түсіреді. Республикалық бюджеттен 64 млрд теңге қалпына келтірілді, сол себепті шығындар бойынша нөлге жеттік. 2020 жылдың төрт айында экономикалық құлдырау негізінен транспорт және жинақтау (52,2 пайыз), бөлшек сауда (38,8 пайыз), көтерме сауда (65,5 пайыз) және құрылыс (98,7 пайыз) салаларында көрініс берді. Инвестиция да төменге түсті. Құрылыс, тұрғын үй, өнеркәсіп және байланыс саласында өсім бар. Біз саудаға қатты тәуелдіміз, ал сауда транспортқа тәуелді. Карантинге байланысты адамдар жұмысқа шыға алмай қалды. Аймақтық жалпы өнімнің 40 пайызын сауда саласы құрап отыр. Мен экономика құрылымын өзгертейік деп былтырдан бері айтып жүрмін. Біз саудаға тәуелді болмауымыз керек. Әрі онда көлеңкелі сауда салтанат құрып тұр. Егер сауда саласының үлесі 15 пайыз болғанда біз қазіргідей шығынға ұшырамас едік. Дегенмен қаладағы мекемелердің санитарлық талаптарды сақтауы көңіл көншітпейді. Адамдар дүкендерге жаппай ағылып жатыр. Егер дүкен иелері талаптарды сақтамаса онда олардың бизнесі жабылады. Біз оларға сендік. Алайда олар алдап кетті. Енді талапқа құлақ аспағандарды жазалайтын боламыз. 

КАРАНТИН

Алматыға күшейтілген карантин режимі қайта оралуы мүмкін. Егер ахуал қазіргіден де нашарлап кетсе, онда біз қатаң режимге көшеміз. Бұл ретте әр тұрғын жауапты. Санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықты сақтамасақ, маска тақпасақ жағдай қазіргіден де қиындап кетуі ықтимал. Тұрғындар екі ай бойы ерекше шыдамдылық танытты. Үйден ешқайда шыққан жоқ. Түсіністік танытқан азаматтарға алғыс айтамыз. Алайда ТЖ аяқтала салысымен адамдар көшеге шыға бастады. Енді қазір әр облыста вирус жұқтырғандар саны қатты артып жатыр. 

ОНЛАЙН САУДА

Алматы үшін сауданы онлайн-платформада дамыту өте қолайлы болар еді. Біз онлайн сауданың қалай күшті жұмыс істейтінін байқадық. Енді осы саланы әрі қарай дамыту керек. Осы жолы медицина және фармацевтика саласы бойынша қаншалықты әлсіз екенімізді түсіндік. Тіпті ең қарапайымы – масканың өзін таппай қалдық. Сондықтан біз фармацевтикалық кластерді дамытуымыз керек. Қарапайым қажетті заттарды өзіміз өндіріп, қамтамасыз ете білуіміз қажет. Бұл жерде азық-түлік қауіпсіздігі, тамақтану өнімдерін өндіру проблемасы да бар. Қоймалар жеткіліксіздігі анықталды. 

САУДА ОРЫНДАРЫ

20 сәуірден бастап қаладағы көптеген кәсіпорындар жұмысын бастап кетті. Бірінші болып құрылыс пен ірі өндіріс нысандарының жұмысына рұқсат етілді. Ал ондай нысандарда санитарлық талап қатаң сақталуы тиіс. Көріп отырғандарыңыздай, құрылыс пен өнеркәсіпте проблема жоқ. Вирус негізінен адам көп шоғырланатын орындарда көбейіп жатыр. ТЖ аяқталған соң екі аптадан кейін барып сауда орталықтарын аштық және қандай проблемаға тап болдық. Сондықтан адам аяғы басылмай тұрса және бұл қауіп туындатса онда асықпаған жөн. 

42 500

Қалада президенттік шаралар пакеті жүзеге асып жатыр. 440 мыңнан астам алматылық 42 500 теңге әлеуметтік көмек алды. Тағы 52 мың тұрғын «Біргеміз» қорынан 50 мың теңге алды. Сондай-ақ тұрғындардың коммуналдық шығындары да өтеліп жатыр. Оларға 15 мыңнан беріледі. Қазірдің өзінде бұл тұрғыда 198 мың өтініш түсті. Олардың 119 мыңы талапқа сай келеді. Алайда олар дербес шот ұсынуы тиіс. Бұл үкіметтің талабы. Қазіргі таңда 456 миллион теңгеге 30,4 мың дербес шотқа рұқсат берілді. Мегаполистегі экономиканы қалпына келтіру үшін кешенді жоспар құрылған. Басты міндет – жұмыс орындарын сақтау, көлеңкелі экономикамен күресу. Бизнестің пандемиядағы жағдайларға бейімделуіне тура келеді. 

ЛРТ

Алматыда жеңіл рельсті транспорт құрылысын жүзеге асырудың бірнеше нұсқасы қарастырылуда. Жоба өте қымбат болғандықтан, оны қаржыландыру мәселесі өте күрделі. Бізде метро құрылысы да бар. Үкіметке екі бірдей жобаға республикалық бюджеттен ақша бөлу оңай емес. Құны 68,1 млрд теңге болатын «Сарыарқа» мен «Достық» метро бекеттерінің құрылысы 2021 жылы аяқталуы тиіс. Одан кейін кезекте «Қалқаман» бекеті тұр. Сонымен қатар BRT-ны (жедел автобус транспорты) жалғастыру да жоспарда бар. Сондай-ақ Алматыны Талғар, Қаскелең және Ұзынағашпен жалғау үшін электр пойызын іске қосу туралы үкіметке ұсыныс жолдадық. Бұл оңай мәселе емес. Техникалық жағы қарастырылып жатыр. Жоба жүзеге асса алыста тұратын тұрғындар қалаға жылдам әрі оңай жетуші еді. 1 шілдеден бастап Алматы әуежайында халықаралық рейстер үшін жаңа терминал құрылысы басталады. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png