nedvijimost-v-krizis.png

1702 просмотра

Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартылды

Ол 30 сәуірге дейін жалғасады

Фото: kursiv.kz

Қазақстандағы төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін созылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

«15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. 

Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды.

Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. 

Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы», - деді мемлекет басшысы ТЖ бойынша мемлекеттік комиссия отырысында.

Айта кетейік, COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда 13 наурызда анықталды. 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша  елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.
 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif