Перейти к основному содержанию

178884 просмотра

Коронавирус пришел в Актюбинскую область

Все по стране зарегистрировано 58 случаев

Фото: Shutterstock

Зарегистрирован случай заражения коронавирусной инфекцией в Актюбинской области. Об этом сообщает Минздрав РК.

На сегодняшний день в стране подтверждено 58 случаев регистрации коронавируса, из них в Нур-Султане – 31 случай, в Алматы – 23 случая, в Караганде - 2 случая, в Алматинской области - 1 случай, в Актюбинской области - 1 случай.

Коронавирус был обнаружен в Казахстане 13 марта. В тот день было зафиксировано четыре случая. Уже 14 марта было всего шесть случаев, 15 марта – девять, 16 марта – 10, 17 марта – 33, 18 марта – 36, 19 марта - 44, 20 марта - 52, 21 марта - 54.

Напомним, режим чрезвычайного положения введен в Казахстане с 8:00 16 марта по указу Токаева и будет действовать до 15 апреля. С 19 марта в Нур-Султане и Алматы введен карантин.

Количество зараженных по всему миру составляет 315 992 человек.

Ознакомиться со всеми материалами по коронавирусу можно по ссылке.

banner_wsj.gif

133 просмотра

Дәрігер-инфекционист: "Адамдар бұл вирустың қаншалықты қауіпті екенін әлі түсінбей жүр"

Ақ халаттылар қаңтар айынан бері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Фото: Ризабек Исабеков

COVID-19 инфекциясына қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің бірі  – Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың инфекциялық бөлім меңгерушісі Жансұлу Дукаева. 

Бүгінде күллі әлем дәрігер, мейірбикелер мен санитарлық қызметкерлерді жұқпалы індеттен құтқарушылар деп біледі. Олардың қызметін бұрынғыдан да жоғары бағалап, құрметтейтін болды. Өз кезегінде ақ халаттылар коронавируспен күресте жеңіске жету үшін күні-түні, демалыссыз еңбек етуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оларды бейбіт күннің батырларына балады. Қауіпті сырқатпен «соғыстың» алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге барынша жағдай жасауды жүктеді.

Ерте қамданды

Жансұлу Дукаева инфекцияның жаңа түрі туралы алғашқы ақпараттарды өткен жылдың желтоқсанында оқыпты. Қытайда аталмыш вирустан 11 адамның қайтыс болғанын білгенде, бұл дерттен келер қауіптің мол боларын түсінген көрінеді.   

«Минут сайын ақпарат жаңарып, әлемдегі жағдай көз ілеспес жылдамдықпен өзгерді. Сырқаттанғандардың да, қайтыс болғандардың да саны еселене түсті. Сол кезде ұжым қауіпті  инфекциямен жұмыстың қағиадаларын білсе де, қайта оқудан өтті. Осылайша, қаңтар айынан бастап бәріміз күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Жансұлу Дукаева. 

Дәрігердің айтуынша, коронавирустың Қазақстанды айналмай өтпесі анық еді. Себебі, шекара ашық, сауда-саттық емін-еркін жүреді. Оған қоса, өзге мемлекетте білім алатын, жұмыс істейтін, іссапарлар мен туристік турларға баратындар көп. Осының барлығын ескере келе, ақ халаттар ертеден-ақ қамданыпты. 

«Ерікті түрде қауіпке қарай қадам бастық»

Вирустың алғашқы белгілері байқалған азаматтар алдымен Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер, санитарлық қызметкерлер, зертханашылар – барлығы тек арнайы киіммен жүріп, науқастарды қарайды, талдамалар алады. Ақ халаттылардың сөзіне қарағанда бұл костюмдер кейде ыңғайсыздық тудырады, ыстықтады, ауаның өтуі қиындайды. Соған қарамастан, дәрігерлер адам жанына араша түсу үшін шыдап бағады. Бір ауысымда (бұл дегеніңіз 12 сағат, тіпті кейде одан да көп) осындай арнайы киімнің екі-үш данасын ауыстырады.

«Дене қызуы, жөтелі бар азаматтарды тексеріп, емдейміз. Өкінішке қарай, денсаулығына немқұрайлы қарайтын, дәрігердің нұсқауларын орындамай, шыдамдылық танытпайтындар бар. Біз олармен ортақ тіл табысып, кеселден келуі мүмкін қауіпті егжей-тегжей түсіндіреміз», – дейді дәрігер. 

Мейірбикелер мен дәрігерлердің де вирусты жұқтырып алу мүмкіндігі аса жоғары екенін атап өту керек. Десе де, қатерге бас тігіп, ерікті түрде өтініш жазып, осы сырқатқа қарсы күреске кірісіп кеткендер көп. 

«Инфекциялық бөлімнің кейбір қызметкерлері өтініш жазып, басқа бөлімдерге ауысты. Мен оларды жақсы түсінемін және бұл әрекетін айыптамаймын. Ал өз таңдауын жасап, ерікті түрде қауіпке қарай қадам жасаған ақ халаттылардың ісі мақтануға тұрарлық. Біздің коронавирусты жеңгіміз келеді», – дейді Жансұлу Дукаева. 

Еңбектері еленеді 

Павлодар облысында қауіпті вирусты жұқтырғандарға тиісті ем-дом жасау үшін бірнеше аурахананың ғимараты дайындалды. Барлығы 845 төсек-орын бар. Қазіргі күні 77 адам осы мекемелерде стационарлық режимде дәрігерлердің бақылауына алды. 

Аймақта барлығы 490 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылды. Олардың барлығына бірдей Наурыз мейрамы қарсаңында сыйақы берілді. Осы мақсатта облыстық қазынадан 91,2 млн теңге бөлінген болатын. Бұл бағыттағы қолдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif