1508 просмотров

Жәрдемақы байытпайды, субсидия дамытады

Көп балалы аналарға биыл ел бюджетінен 559 млрд теңге бөлінді

Фото: из открытых источников

Бұл қаржының қызығын аналар көріп отыр ма? Бөлінген қаржыны сауатты жұмсаудың шешімдері қандай?!   Мамандар не дейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кешелі бері, елде жаңа жәрдемақы жүйесі түзілетінін алға тартуда. Минстрдің мәлімдеуінше, қазір бізде 7 баладан әрі қарай, біркелкі жәрдемақы жүйесі жоқ. Алдағы уақытта министрлік осы олқылықты толтыру үшін, 8 және одан да көп баласы барларға жәрдемақы қарастыруды жөн көріп отыр.

«8 балаға 85 мың 10 балаға 106 мың, 15 балаға 159 мың теңге төленеді. Былтыр ел бюджетінен 372 млрд теңге бөлінсе, биыл 559 млрд теңге бөлініп отыр. Алдағы уақытта да біз көп балалы аналарды қолдауды жалғастырамыз» , - деді Біржан Нұрымбетов. 

Сол–ақ екен, қоғамда көп балалы аналар мәселесі тағы да  қызу талқыға салынып кетті. Отандық сарапшылар тап осы тұста көп балалы аналарға қатысты өзге елдердің ұстанған іс-тәжірибесін мысал етіп, бізге де осындай жәйттерды електен өткізіп алу керектігін айтуда. 

Жәрдемақы емес, субсидиямен қамту қажет

Бұл ретте, мамандар  алдымен, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап,  елімізде аз қамтылған отбасындағы әр балаға 21 мың теңгеден атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын, артынан, үш ай өтпей жатып, бұл бастамадан ши шыққанын мысал етті. 

Мәселен, «Барометр» талдау орталығының сарапшысы Жанерке Әбуованың айтуынша, еліміздегі жұмыспен қамту орталықтарының мәліметтеріне сәйкес, АӘК-ті заңсыз алып келгендердің бары расталған. Олардың баспаналары бар,  қымбат көліктері, тіпті, дүкендері де бар болып шыққан. 

Бұл отбасылар құжат тапсырған кезде табыстарын жасырып қалған. Артынша, олардың бұл әрекеті ашылып қалды. Қазір 53 отбасы өз еріктерімен қазынадан алған қаржыларын қайтарды. 

«Осыдан болар, қазір біршама көп балалы аналар «үйімізге қашан тексеру келеді, деп қорқып отыратын болдық. Тіпті, көрнекі зат алсақ, комиссия тексеріп келіп жағдайы бар екен деп ойлай ма деп, үйімізге ештеңе ала алмайтын болдық» дейді. Сондықтан бұл жәрдемақы «халықты байытып жібереді» деп айтуы қиын.  Жәрдемақы мәселені шешпейді», - дейді сарапшы.  

Осы орайда тағы бір экономист-сарапшысы Дәурен Арын - қазір көп балалы аналарды  жәрдемақымен қамтудан гөрі, мемлекеттік субсидиямен көмек беру өте өзекті, дегенді алға тартады. 

Сарапшы маман, бұл ретте, бірқатар елдердің тәжірибесін мысал етті. Атап айтқанда, көрші Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда банктердің мұндай бағытта жұмыс істейтін арнайы бөлімдері де бар көрінеді. 

«Көрші Ресейді мысалға алсақ, Ресейдің Орталық банкі 2017 жылдан бері көп балалы аналарды субсидиямен қамту арқылы, оларды шағын бизнеске тарту, олардың кәсіпкерлік білімін жетілдіру, агробизнесті өркендетуіне үлес қосу дейсіз бе, толып жатқан мүмкіндіктер ұсынып отыр. Нәтижесінде, қазір Ресейде көп балалы аналардың 60 пайыздан астамы ауылдық аймақтарда өз бизнесін жүргізуге машықтанып алған», - дейді Дәурен Арын. 

Сарапшының айтуынша,   бұған қоса, Ресейде 3 баласы бар аналарға Мәскеуден үй алу үшін 6,1 %-бен несие беретін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Осылай, арзан несие беру арқылы олар көп балалы аналарды баспанемен қамту жағын жүйелі жолға қойып алды. Сол тәрізді 6,2 %-бен ауылдық аймақтарда бизнес жүргізіп, баспана алу үшін де арзан субсидиялар беріледі.

 «Осыған қарап, Қазақстанға да осындай нақты-нақты шараларды қарастыру керектігін түсінесің», - дейді маман. 

Қала мен ауылдың жәрдемақысы бөлек болу керек  

Экономист-ғалым Бейсенбек Зиябековтың пайымдауынша, бізде аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін де «қалалық және ауылдық» деген арнайы  мәртебелерге бөліп, қарастырған жөн. 

Ауылдық жерде тұратын көп балалы аналардың мал басына беретін жем-шөбі бар, қыста жағатын отын-суы бар, осының барлығын жәрдемақы есептерінде ескеру керек. Қалалық жерде тұратын аналардың коммуналдық төлемі бар бұл да есепке алынуы керек. Сонда ғана әділетті бөлініс болады. 

Жәрдемақы есептейтін кезде су, газ, жарық, коммуналдық төлем деген дүниелерді ескерген абзал.

"Олай етпесек, біз қазір әлеуметтік көмек деп есептеп беріп жүрген қаржы аналардың проблемасын толыққанды шеше алмайды. Жәрдемақы бұл мемлекеттік қолдаудың бір түрі ғана. Сондықтан келешекте көп балалы аналардың қолына қаржы ұстатып, оларды бизнеске бейімдеген дұрыс деген пікірмен келісемін», - дейді экономика ғылымының докторы, профессор Бейсенбек Зиябеков. 

Салықтық жеңілдіктер қарастырған жөн

Сондай-ақ экономист-ғалымның пайымынша, біз  көп балалы аналарға субсидия бөлумен қатар, салықтық жеңілдіктер қарастыру жағын ойластырған да жөн. 

«Жер салығы, мүлік салығы, жылжымайтын мүлік салығы бойынша төлем жасауда көп балалы аналарға арнайы жеңілдіктер беру керек», -  дейді маман. 

Айтуынша, Беларус елінде көп балалы аналарды арзан субсидиямен қамтудан бөлек, салықтан босату, үймен қамтамасыз ету, 4 балалы анаға тегін үй беру мәселесі оңтайлы шешілген.

"Көп балалы аналарды субсидия беріп бизнеске үйрету - ол заман талабы. Үкімет осы мәселені сауатты шеше алса, бұл аналарға көптеген мүмкіндіктер ашар еді. Салықтық жеңілдіктермен қамтумен қатар,  көп балалы отбасыларды қамқорлыққа алу, олардың адами капиталын нығайту біз үшін қазір өзекті. Сондықтан бұл өте қажет», - деді Бейсенбек Зиябеков. 

Сондай-ақ мамандар көп балалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік әлеуметтік дүкендер желісін ашу керектігін,  ол дүкендерден аналарға арнайы жеңілдік картасы арқылы сауда жасауға мүмкіндік беру қажеттігін де алға тартты. 

«Азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар алатын арнайы дүкендер ашылса, жақсы болар еді. Өзге елдердің көп балалы аналарына деген құрметі ерекше. Сондықтан бізге де осындай сауатты шешімдер қабылдап, мәселені шешудің нақты-нақты тетіктерін ойластырған жөн», - дейді мамандар. 
 

banner_wsj.gif

8048 просмотров

Токаев заявил о новом карантине

Он продлится две недели

Фото: Аскар Ахметуллин

Президент Касым-Жомарт Токаев заявил, что правительство предложило ввести 14-дневный жесткий карантин с 5 июля. Об этом глава государства написал в Twitter.

«Правительство предложило 14-дневный карантин (который может быть продлен) с 5 июля. Завтра, после заседания межведомственной комиссии, прокомментирует министр здравоохранения», - заявил Токаев.

На официальном сайте премьер-министра РК опубликовано постановление от 1 июля. В документе указано, что Казахстан открывает автомобильные пункты пропуска на отдельных участках госграницы. Открываются автомобильные пункты пропуска «Кольжат», «Бахты» и «Майкапчагай» на границе с Китаем. На этих пунктах с 10 июня был ограничен пропуск лиц, транспортных средств, грузов и товаров, за исключением лиц и транспортных средств, осуществляющих перевозку медицинских изделий и лекарственных средств, продовольственной продукции и товаров, перемещаемых в рамках инвестиционных контрактов, гуманитарной помощи, государственного заказа, а также порожних грузовых транспортных средств.

Министерству иностранных дел РК поручено в установленном порядке уведомить по дипломатическим каналам Китайскую Народную Республику.

Напомним, 29 июня глава государства Касым-Жомарт Токаев провел совещание по мерам противодействия распространению коронавирусной инфекции и отметил, что от жителей поступает много жалоб, а акимы и министры перестали информировать людей. По его словам, многие руководители неудовлетворительно исполняют свои обязанности, объявил выговоры и сделал замечания.

Позже новый министр здравоохранения Алексей Цой предложил президенту три сценария развития ситуации с COVID-19. Первый - без карантина, второй - с двухнедельным карантином и третий - с четырехнедельным. Именно третий сценарий, по мнению главы ведомства, считается наиболее эффективным с точки зрения разрыва цепи заражения среди населения, а также подготовки соответствующей инфраструктуры.

Также сообщалось, что Алексей Цой в ходе брифинга в СЦК 30 июня рассказал, что в Казахстане будут открыты дополнительно 10 тыс. коек в стационарах из-за большого количества больных коронавирусом. Заполняемость стационарных коек в Казахстане составляет 60%, в Нур-Султане, Алматы она достигает 90%.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg